қазақша · русский · english
   
 Жанбаева Ляззат Адықадырқызы
Тәуекелдерді бағалау бөлімінің бастығы
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
Қазыбек би көшесі, 30/1
 +7(727)-291-53-90
l.zhanbayeva@abaiuniversity.edu.kz

Білім сапасын сараптау мен бағалау бөлімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі бағыттары:

- ҚР БжҒМ бекіткен білім беру стандарының талаптарына сәйкес келмейтін маман даярлау ісін алдын алу, ХС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес келмейтін типтік және жұмыс бағдарламаларын дайындаудың алдын алу;

- Университетте оқу үдерісіне мониторинг жүргізу мен СМЖ нәтижесі негізінде қорытынды жасауды ұйымдастыру;

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдерінде ішкі аудитті жоспарлау мен оны жүргізу;

- Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) бойынша жасалған түзету мен ескертулердің орындалуын қадағалау;
- Сапа менеджменті бойынша туындаған сауалдарға университет қызметкерлеріне кеңес беру;
- Университет қызметкерлерінің ақпараттандырылу деңгейі мен құзіреттілігін сапа менеджменті аясында көтеру;
- Білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ ЖОО-да жағымды психологиялық жағдай туғызу мақсатын көздейтін іс-шаралар құру мен енгізу үшін социологиялық зерттеулер жүргізу мен оларға сараптама жасау.