
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
22.10.2021 Абай университетінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді 
 Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау туралы Ережеге сәйкес, 2021 жылдың 21 қазанында университетте Педагогика және психология институтының №3 оқу ғимараты базасында «Оқу ғимаратында террористік сипаттағы қауіп туындаған кезде университет басшы құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді. 
 Университет басшылығының негізгі міндеті қызметкерлер мен студенттерді террористік қауіп кезінде өзін-өзі ұстау ережелеріне, оқу ғимаратынан қауіпсіз эвакуациялау әдістеріне оқыту болды. 
 Оқу іс-шарасының мақсаты орындалды, оқытушылар мен студенттер төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданылатын іс-қимылдың практикалық дағдыларын алды. 
 
 
 
 |