қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.02.2019

Құрметті студенттер!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 18 «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ бакалавриат студенттеріне арналған 2019-2020 оқу жылындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін бюджет қаражатын бөлді.

 

Осыған байланысты академиялық ұтқырлық секторына келесі қажетті құжаттарды ұсыну қажет:

- паспорттың түсті көшірмесі;

- медициналық анықтама 082/ж;

- ағымдағы орындау актісі;

- IELTS немесе TOEFL сертификаты (PDT-ақ есепке алынады);


Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысамын деушілер 2019 жылдың 14 ақпанына дейін академиялық ұтқырлық секторына құжаттар пакетін тапсыруы қажет (басты оқу ғимараты, 403 каб., Тел .: 291-12-45).