
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
03.12.2018 «Мейірім» еріктілер клубы «Ерікті жастар: Ар-ұждан дауысы» дөңгелек үстелін өткізеді 
 «Дөңгелек үстел» мақсаты - қоғамға риясыз қызмет етуде әрбір еріктінің жүрегінде үні естілетін «Ар-ұждан» ұғымының терең мағынасын талқылау. 
 Міндеттері: 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде «ар-ұждан дауысы» үнін есту білімін дамыту; 2. Ой, сөз және іс-әрекет бірлігінде еріктілерде ар-ұжданмен өмір сүруге ұмтылу жауапкершілігіне тәрбиелеу. Талқылау үшін негізгі тақырыптар: 1. Қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген еріктілер жұмысындағы құндылықты қажеттіліктерді талқылау; 2. Еріктілер жұмысын ұйымдастыруда сана және жүректі таза ұстау практикасын қолдану тиімділігін талқылау; 3. Адамзаттың рухани саналылығын дамытудағы еріктілердің адамгершіліктік идеалдарының терең мәнін ұғынуды талқылау. 
 Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Гулбахира Ширинбаева және еріктілер, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің студент жастары. Өтетін уақыты және күні: 5- желтоқсан 2018 жыл, сағат 14.00. 
 Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Төле би көшесі, 31, 15 кабинет. 
 Байланыс телефоны: 8-707-832-82-58, 8-705-277-48-48. 
 
  |