қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2021

ХХІ ғасырдағы жастар және ғылым

 

2021 жылы 9 сәуірде Математика, физика және информатика институты «Физика» кафедрасы ФЕК-207 тобымен бірге Ғылым айы аясында институт директоры М.Ж.Бекпатшаевтың қатысуымен онлайн-пікірсайыс өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты - болашақ талантты жас ғалымдарды қолдау, ғылыми қызметке тартудың ықтимал жолдары мен құралдарын талқылау және әлемге әйгілі қазақстандық ғалымдардың ғылым жолындағы еңбектерімен таныстыру болды.

 

Модераторлар ретінде топтың эдвайзері Құндыз Сұлтанова, 1 курстың белсенді студенттері Сейтмахан Балсая, Серік Алтын, Сұран Оралбай сөз сөйледі.

 

Математика, физика және информатика институтының директоры М. Ж. Бекпатшаев құттықтау сөз сөйледі. Пікірсайысқа физика кафедрасының оқытушылары М. Е. Алиева, М. М. Мырзатай қатысты.

 

Іс-шараның барлық қатысушылары физика ғылымын дамытудағы өзекті мәселелері мен перспективаларын бірлесіп талқылады.

 

  

 

  

 

Физика кафедрасы