қазақша · русский · english
   

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоо дайындық кафедрасы поқ ғылыми тағылымдама өткендігі туралы есеп

 

5.04 мен 11. 04. 2017 аралығында кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бегалиева С.Б., п.ғ.к., профессор Айтказина Т.Т., п.ғ.к., профессор Алиева Д.А., ф.ғ.к., профессор Токтарова Т.Ж. Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасында) ғылыми тағылымдама өтті.

 

 

Тағылымдама бағдарламасы бойынша Баку мемелекеттік университеті,Әзірбайжан мемлекеттік экономика университеті,
Global Career Institute (Азербайджан) мен San Diego State University (Georgia) ғылыми-зерттеу қызметімен танысып, жетекші профессорлардың шет тілдерді оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы интербелсенді технологиялар туралы дәрістері тыңдады. Семинар соңында Global Career Institute (Әзірбайжан) мен San Diego State University (Georgia) сертификаттары табысталды.

       Университет өкілдерімен кездесу барысында Қазақстандағы және Әзірбайжандағы білім беру жүйесі туралы, алдағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық туралы сөз қозғалды.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған шет ел азаматтары:


2013-2014 оқу жылы:

Қазақ тілін Илин педагогикалық университетінің   (ҚХР, Құлжа) 3 курс филология мамандығының 10 студенті қазақ тілінен 360 сағат көлемінде сабақ алды.

Хошимин педагогикалық университетінің (Вьетнам) 3 курстың 3 студенті орыс тілінен 400 сағат көлеміде сабақ алды.

2014-2015 оқу жылы.

Қазақ тілін Илин педагогикалық университетінің   (ҚХР, Құлжа) 3 курс филология мамандығының 7 студенті қазақ тілінен 360 сағат көлемінде сабақ алды.

Хошимин педагогикалық университетінің Вьетнам 3 курстың студенті Нгуен Тхань Чунг орыс тілінен сабақ алды.

        2015-2016 оқу жылы

Хошимин педагогикалық университетінің Вьетнам 4 курстың студенті Нгуен Тхань Чунг орыс тілінен сабақ алды.

 

         Оқытушылардың шет елге іссапарлары

 2014-2015 оқу жылы

Аты-жөні

 

Іссапардың орны мен мерзімі

Іссапардың мақсаты

Т.Ж. Тоқтарова А.Т. Оңалбаева Т.Т. Айтқазина

Фрайбург университеті (Германия)

4-11 қараша 2015 ж.

Мамандық бойынша ғылыми тағылымдаманы өтті

Чан Динь Лам

Хошимин педагогикалық университеті

(Вьетнам)

1 қыркүйек 2014 ж. - 20 мамыр 2015 ж.

Вьетнам студенттеріне орыс тілінен сабақ берді

Б.С. Балгазина

Мәскеу мемлекеттік аймақтық университеті (Ресей)

(8-17 сәуір 2015 ж.)

«Қосдипломды білім» жобасы мен шет ел студенттерін қолдау бойынша келіссөз жүргізілді

Ж.Е.Бейсбекова

Илин педагогикалық университеті (ҚХР)

(5 мамыр - 5 маусым 2015 ж.)

ИПУ Абай атындағы мәдениет пен ғылым орталығының студенттері мен оқытушыларына шеберлік сабақтары мен семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

 

Кафедраның шет ел ғалымдарымен ынтымақтастығы

Кафедра келесі ғалымдармен байланыс орнатқан:

 О.Н. Короткова - М.В. Ломоносов атындағы ММУ доценті 2011 жылдың 24 наурыз күні Филология факультетінің Шет ел азаматтарына арналған орыс тілі кафедрасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы орыс тілінен сертификатталған тестілеу мен шет ел азаматтарын тестілеуде әдістемелік көмек шарты негізінде тестілеуді 41 адам өтті.

А.В. Юдин - ММАУ (Ресей) шет ел азаматтарымен жұмыс бөлім басшысы