қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.03.2021

Халықаралық дөңгелек үстел өтті

 


 

Дүйсенбі, 1 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру бағдарламалары «Заманауи бастауыш білім берудің стратегиялары» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Осы шара аясында ұйымдастырушы Рябова Е.В. қатысушыларға заманауи білім берудің негізгі идеялары, кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың заманауи білім беру технологиялары, кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған дистант пен жүзеге асыру мүмкіндіктері тақырыптарын талқылауды ұсынды.

 

Қазан Федералды университет студенттері Малыгина Анастасия, Калимулина Милена, Назимова Регина, магистрант Соколова Викторя (ғылыми жетекшісі - профессор Закирова В.Г., доцент Каюмова Л.Р.) бастауыш сынып оқушыларымен театр форумын өткізу тәжірибесімен және өздері дайындаған оқыту платформасымен бөлісті.

 

О.В.Шабалина мен Ю.Ю.Скрипованың жетекшілігімен Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің студенттері Баранова Ольга, Гришина Екатерина, Козицина Софья, Кузнецова Екатерина, Мерзлякова Олеся, Садыкова Ирина талқыланатын мәселелер бойынша таныстырылымдар дайындап, қатысушылардың назарына ұсынды. Олар бастауыш білім берудегі болып жатқан өзгерістерге өз көзқарастарын білдірді, денсаулық сақтау технологияларына аса мән бере отырып, білім алу және тәжірибе барысында жинақтаған өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Осы оқу жылында дөңгелек үстел жұмысына алғаш рет В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университет студенттері қатысты. Студенттер өте қызықты баяндамалар дайындаған:

1. Зырянова Ксения - «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды зерттеушілік әрекетке дайындау» (ғылыми жетекшісі - п.ғ.к, доцент Г.С.Петрищева).

2. Неретина Елена - «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері» (ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., доцент И.Н. Чичканова)
3. Сергеева Ангелина, Карташова Дарина - «Цифрлық еріктілер» жобасын жүзеге асыру жайлы» (ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., доцент Т.В. Гаврутенко, п.ғ.к., доцент М.В. Папина).

4. Дуплинская Оксана - «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі жобалар» (ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., доцент Кузнецова Л.Н.).


Университет кафедрасынан 1 және 2 курс студенттері қатысты. Кулакова Елена, Дегтярева Кристина, Шымыр Алуа, Бутина Юлия (ғылыми жетекшісі - доцент Лебедева Л.А.) «Бастауыш мектептегі заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында баяндама жасады. Әдістемелік пәндерді әлі оқып үйренбегеніне және практикаға шықпағанына қарамастан, студенттер өздері таңдаған мамандықтарына деген асқан қызығушылықтарын көрсете отырып, аталмыш мәселені жан-жақты талдап берді. Кожабекова Айдана, Баудинова Малика, Харитопуло София, Прокудина Ева және Эм Лидия (ғылыми жетекшісі - доцент Акпаева А.Б.) білім берудегі негізгі идеялар және кіші мектеп жасындағы оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру жайлы өз ойларымен бөлісті.

 

Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер тағы бір рет әр түрлі ЖОО студенттерін біріктірді, кез келген елдегі білім беру өскелең ұрпақтың оқуы мен дамуына бағытталғандығын көрсетті. Бұл кездесу көптеген сұрақтарға жауап алуға көмектесті.

 

 

03.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com