қазақша · русский · english
   
Құттықтаулар

ҚҰТТЫҚТАУ!

             «Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының  аға оқытушысы Нұрахын Өмірәліұлы Ерубаевты  2017 жылы сәуір айының 1 жұлдызында 60 жасқа толуымен құттықтаймыз!

        Н.Ө.Ерубаев  осы кафедрада 2008  жылдан бері қызмет атқарып келеді. Университетіміздің оқу тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін және тәуелсіздік күніне орай  Құрмет грамотасымен (2015 ж. ректор, профессор С.Ж.Пірәлиев), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  VI  Ұлттық қысқы универсиадасына құрама командасын дайындап, өткізуге зор үлес қосқаны үшін дипломмен (2016ж., Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі спорттық ізбасарларын даярлауға қосқан үлесі мен ғылыми-әдістемелік жұмысты дамытудағы елеулі еңбегі үшін төсбелгімен марапатталған (2016 ж., Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы п.ғ.д., профессор М.Н.Қошаев).

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы қаласының ЖОО студенттер арасындағы баскетбол жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Баскетболдан» қыздар құрама командасын
ІІІ орынды жеңіп алуымен құттықтаймыз!

Жаттықтырушылар:
п.ғ.магистрі, аға оқытушы Н.Төлегенұлы
п.ғ.магистрі, оқытушы Е.Түгелбаев

Университет қызметкерлері кәсіподағы
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты
«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасы

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Алматы қаласының ЖОО студенттер арасындағы «Парасат» Спартакиадасында волейбол жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Волейболдан» қыздар құрама командасын І орынды жеңіп алуымен құттықтаймыз! 

Студенттер:
1. Нуртаева Сандуғаш - ӨМСИ 4курс
2. Жарылқасым Назерке - ПиП 4 курс
3. Турсунова Мунира- ӨМСИ 2 курс
4. Сағымбаева Динара - ӨМСИ 3курс
5. Хохуля Анастасия - ӨМСИ 3курс
6. Асланова Альмира - ӨМСИ 3курс
7.Жақсыбай Айна - Фил. 2курс
8.Торешева Мадина - ӨМСИ 1курс

Жаттықтырушылар:
п.ғ.магистрі, аға оқытушы Т.Ережепов
аға оқытушы Т.Баймұрзаев
Университет қызметкерлері кәсіподағы
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты
«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасы

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған ЖОО қызметкерлер арасындағы VII Спартакиадада (Парасат) шахмат жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің құрама командасын ІІ орын алуларымен құттықтаймыз!

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған ЖОО студенттер арасындағы VII Спартакиадада (Парасат) тоғызқұмалақ жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің құрама командасын ІІ орын алуларымен құттықтаймыз!

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сауықтыру және дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, самбо күресінен спорт шебері Ғалымжан Әшімханұлының 2016 жылы Түркістан қаласында 13-15 мамыр аралығында самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен ҚР чемпионатында 74 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға (күміс медаль) ие болып, Хорватия мемлекетінде өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алуымен құттықтаймыз!

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, университетіміздің «Үздік Ұстазы» Мира Мустакимқызы Иралинаның университетімізде еңбек еткеніне 30 жыл толуына және жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары, жастарды дене шынықтыру мен спортқа тәрбиелеуде зор үлес қосқаны үшін университетіміздің «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен марапатталғанымен құттықтаймыз!

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған ЖОО студенттер арасындағы VII Спартакиадада (Парасат) волейбол жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Волейболдан» қыздар құрама командасын ІІ орын алуларымен құттықтаймыз!