қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

 

   «Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасы, «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын  даярлаудың  теориясы мен әдістемесі» кафедрасы және  «Педагог ұйымдастырушы және бастапқы  әскери дайындық» кафедрасы университетімізге талапкерлерді тарту мақсатында  мамыр айының 18 жұлдызында  Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру (әңгімелесу, үгіт-насихат жүргізу) жұмыстарын жүргізуге төмендегі профессор-оқытушылар құрамы барып қайтты:

1.Тәукейұлы С. - «Педагог ұйымдастырушы және бастапқы  әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор;

2.Қарақов А.Қ. - «Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор;

3.Буркашов А.Б. - «СДМ» кафедрасының м.ғ.д., профессор;

4.Құлжабаев А.С. - «СДМ» кафедрасының оқытушысы;

5.Сайдақов Е.М. - «СДМ» кафедрасының қауымдастырылған университет профессоры;

6.Мақсұтов Б.М. - «СДМ» кафедрасының аға оқытушысы;

7.Баймұрзаев Т.Х. - «СДМ» кафедрасының аға оқытушысыы;

8.Түгелбаев Е.Н. - «СДМ» кафедрасының п.ғ.магистрі, оқытушысы;

9. Қадырбаев Р.- «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын  даярлаудың  теориясы мен әдістемесі»  п.ғ.магистрі, оқытушы.

 

 

 


Кафедра ПОК шығарған монографиялары

 

каратэ до киокушинкай спорт турнирінен ЖОО студенттер арасындағы республикалық турнирі

Институтаралық ырғақты гимнастикадан жарыс

Институтаралық футболдан жарыс

Б.Момышұлы атындағы студенттер арасында қазақ куресінен ашық турнир

ЖОО қызметкерлер арасындағы VII Спартакиадада (Парасат) футбол жарысынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің құрама командасы.

 

 

«Сауықтыру дене мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен
п.ғ.к., аға оқытушы Кендебай Сәметұлы Абишевтың «Қазақ-мажар: Ат ойындары» атты кітаптың тұсаукесер конференциясы өтті.

 

 

2016 жылы сәуір айының 20-23 күндері аралығында ҚР-ның тәуелсіздігіне 25 жылдығы қарсаңында Кеңестер одағының бокстан спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, университетіміздің «Үздік Ұстазы», Құрметті қызметкері, Жамбыл облысы, Шу ауданының құрметті азаматы Кентай Ахметовтың 63 жасқа толуына байланысты бокстан Алматы қаласының жоо-ның студенттері арасындағы ашық турнир өтті.

            

                

 

"МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ДЕНІ САУ ҰРПАҚТАРЫ" атты ұлттық спорттық ойындар түрлері бойынша біріншілік 2016 жыл:

Үстел теннисінен жарыс

Ұлттық ойындар жарысы 

VI Қысқы универсиада 

 

ҚР 25 жылдығына арналған Алматы қаласы оқу орындарының студенттері арасында қазақ күресінен "Студент барысы" Барак Мейрамбек І орын  алып, алтын медальмен марапатталды

 

Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасы 2016 жылдың 6 сәуірі Халықаралық спорт күнінде студенттер арасында дойбы,  черлидинг , тоғызқұмалақ  және т.б. жарыстарын  өткізіп, аталмыш күнді тиісті деңгейде өткізді.