қазақша · русский · english
   
14.03.2016

10.03.2016 жылы Ғылыми-әдістемелік кешен аясында: мектеп-колледж-ЖОО, педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен Алматы қаласының мектептері және колледждерінің педагог пен психолог мамандары үшін білім алушы жастар арасында суицидқа қарсы әрекет мәселесі бойынша «Мектеп пен колледж білім алушыларында суицид алдындағы белгілерін диагностикалау және алдын алу» атты үйретуші семинары жүргізілді.
Семинар №2 Алматы қалалық гуманитарлы - педагогикалық колледжі базасында өткізілді.
Семинар барысында тыңдаушылар суицидтің алдын алу белгілерінің қазіргі заманға сай диагностикалық әдістерімен, және де суицидқа бейім мінез - құлық танытушы жастарды айқындау ерекшеліктерімен, оларға негізгі көмек көрсету түрлерімен танысып өтті. Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ - дың психология аясындағы практиктері және белді ғалымдары жүргізді. Семинар мазмұнында Әл-фараби атындағы КазҰУ мамандарының, білім алушы жастар арасындағы суицидпен күрес бойынша ҚР ҚҰҚ академиясының іс-тәжірибелері көрініс тапты.
Сабақтар қазақ және орыс тілінде өтті.
Сонымен, пс.ғ.к., доцент Сарсенбаева Л.О. тыңдармандарғатөмендегідей тақырыпта материалдар ұсынды: «Білім алушы жастардың суицидке бейім мінез - құлқын педагогикалық - психологиялық диагностикалау әдістері. Қауіпті топтардағы білім алушыларды педагогикалық - психологиялық демеу».
п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. тыңдаушылармен төмендегідей тақырыпты талдады «Суицидтік қауіп факторлары. Суицидтік мінез - құлық түрлері және мотивтері. Суицид алдын алу белгілерін айқындауға бағытталған, диагностикалық құралдар».
пс.ғ.к., доцент Бекмуратова Г.Т. тыңдармандарға төмендегідей тақырыптарды ұсынды: «Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан оқушылардың суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері».
Семинар жұмысы аясында сессиялар ұйымдастырылды, оның барысында төмендегідей мәселелер бойынша талқылау жүрді:
- Оккульттік жастар ұйымының жасөспірім суицидтік мінез - құлқы қалыптасуына әсері;
- Сыртқы белгілер бойынша жасөспірім бойында шекаралық күйлерді айқындау;
- Суицидтік ойлардың көрінуінің этникалық, гендерлі және жасаралық ерекшеліктері.
Түрлі қалыптан тыс және күрделі жағдайларға білім алушылар бойында төзімділікті қалыптастыру бойынша тренинг элементтері жүргізілді. Семинар кері байланыспен өз шарықтау шегіне жетті, оның барысында тыңдармандар семинар қажеттілігі мен керекті уақытта жүргізілгенін, аталған мәселе өзектілігін атап өтіп, семинар жұмысы бойынша жақсы деген өз бағаларын берді.




Кері оралу