қазақша · русский · english
   
Академиялық ұтқырлық

 

 

Халықаралық қызмет


Польшадағы оқу өз мәресіне жетті

          Ағымдағы жылдың маусым айында  «5В011800 Орыс тілі және әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс  студенттері  Назли Кадырова мен  Айгерім Серікбай академиялық ұтқырлық курсы бойынша семестірлік оқуын тәмамдады. 

        Біздің студенттер мен магистранттар 3 жыл қатарынан Польша қаласындағы Помор академиясында семестрлік оқу мен ғылыми  тағылымдамалардан өтуде.

Назли мен Айгерім өз әсерлерімен бөлісті:

         «Жақында ғана біз 1-ші курс студенттері болдық, ал қазір біз шетел университетінің академиялық ұтқырлық курсын тәмамдаған студент екенімізді мақтанышпен айта аламыз.

            Үш айдан астам уақыт аралығында басқа мемлекетте болып,  поляк профессорларыннан тәлім алғанда елдер арасындағы ынтамақтастықтың қаншылықты маңызды екенін сезесін.

           Неофилология институтының профессоры Галина Львовна Нефагинамен әдебиет саласын зерттей келе әдебиетттегі Батыстық көзқарас бойынша сын пікірлерімен танысып,  мол тәжірибе жинадық. Әрбір сабақ әдебиет әлеміне қызығушылығымызды арттырып, көптеген сұрақтың жауабын берді. Жазғы семестрде Академияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Ақтолқын Турлыхановна Кулсариева және Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Абишева Сауде Джунисовнаның келуімен ерекшеленді.            

             Бізге керемет жағдайда оқуға мүмкіндік бергені үшін Помор академиясының ректоры Збегнев Осадовскийге алғысымыз шексіз.  Өз университетімізге шын жүректен ризамыз - бакалавр дәрежесінде тағы бір қадам алдыға жылжуызға  көмектесіп , тек отандық қана емес, батыстық оқу тәжіребиелерімен танысуға бірден бір себепкер болғанына алғысымызды білдіреміз».

ҮЛКЕН РАХМЕТ!

 

Қош бол, Қазақстан!

       Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына келген студенттердің семестрлік оқуы аяқталды. 

        Семестрдің сәтті аяқталуына қоштасу шарасы ұйымдастырылды. Қытайлық студенттер университет ұжымына, ұстаздарға, группаластарына алғысын білдірді. Көптеген әндер шырқалған шара шаттыққа толы болды.
     Қытай студенттері бірнеше ай ішінде Алматы қаласы, еліміз, қазақтың салт-дәстүрлері туралы жаңа ақпарат алғандары туралы мақтана айтты. Көптеген қызықты жерлерде болып, маусымда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне баратындықтарын қуанышпен жеткізді. 3 курстың бағдарламасын үйреу үшін бар күш-жігерін салғандығының арқасында жақсы бағалармен тәмамдады.
      Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері және олардың эдвайзері, доцент Мадина Абаева қонақтарымызға әрқашан қолдау көрсетіп, жандарынан табылатын.
     Орыс тілін меңгеруде алға жылжығандықтарын жазған шығармаларынан аңғаруға болады.
     Қоштасу кешінен соң достық дастарханы жайылып, тілектер айтылды.

    Сілтеме: Қытай студенттері жазған эссе

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің

(Қытай, Шаосин қаласы) басшылығының ресми сапары


     2017 жылы 18 мамырда Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің басшылығы делегациясының Филология және көптілді білім беру институтының басшылығымен ресми кездесуі өтті. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында білім алып жатқан студенттерімен де кездесті.
    Институт директоры Б. Әбдіғазиұлы университетіміздің тарихы тереңге кеткен кафедрамен таныстырып, оқытушылардың жоғары дәрежесін атап айтты.
   Алғы сөзде кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева Чжэцзянск университетінің басшылығына студенттерінің үлгерімі туралы және жауаптылығы мен тәртіптілігін тілге тиек етті.
    Жоспар бойынша студенттер ары қарай эдвайзері, доцент М.К. Абаевамен ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайына және Бірінші Президент Саябағына аттанды. Экскурсия барысында студенттер ҚР мәдениетімен, тарихымен танысып, ҚР Тәуелсіздігіне арналған экспозицияны және де Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған залды тамашалады. Брінші Президент Саябағы қонақтарды өзінің ауқымы мен сұлулығымен тамсандырды. Экскурсия барысында студенттер сөйлеу икемін дамытты.
    Семестрлік оқулары соңына таяған студенттер жылы шырай мен ұқыптылық танытқан кәсіпқой оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрген сарқырамасына саяхат


      26 сәуір күні «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері эдвайзері М.К. Абаевамен Түрген шатқалына саяхатқа аттанды.
    Бұл сапардың басты мақсаты - орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Қытайдың Юесю атындағы Чжэцхянск шет тілдер университетінен келген қонақтарға еліміздің сұлу табиғатын көрсету. Суреттерге қарап мақсаттың орындалғаныны байқауға болады.

 

 

  

 

Қытай студенттері орыс әдебиетін оқуда.

Юесю атындағы шет тілдер Чжэцзянск университетінің (Шаосин қаласы) студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында XIX ғасырдағы орыс әдебиетін оқып жатыр. Көп жағдайда бұл студенттер қосымша сабақты қажет етеді. 2017 жылдың наурыз айында сабақтардың бірінде И.С. Тургеневтің «Свидание» әңгімесін түсіндіргенде тек қана мәтін ғана емес, сонымен қатар электронды орыс-қытай, этимологиялық, түсіндірме сөздіктер де қажет болды.
Ұстаздың түсіндірмесі, интернеттегі лексикографиялық анықтама студент-қыздардың филологиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, 3 курс бағдарламасын меңгеруге көмектесуде.

 

 

 

 


Студенттерімізден хат!


2016-2017 оқы жылының екінші семестрінде филология және көптілді білім беру институтының екі студенті: Назлы Қадырова (5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті) мен Айгерім Серікбай (5В012200 - Орыс тілінде оқытайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары) Слупск қаласындағы Помор Академиясында білім алады. Аталған жоо-мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы бірнеше жыл қатарынан ынтымақтастық орнатып келеді: академиялық ұтқырлық бойынша студенттер семестрлік білім алса, магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтіп, оқытушылар ғылыми конференцияларға қатысады.
Осы жолғы семестрлік оқу ректор Збигнев Осадовскийдің гранты арқылы жүзеге асады. Қыздарымыз сабақтарына кірісіп оқудың қалай басталғандығы туралы өз хаттарында баяндап берді.
«Сабақтарымыз 2017 жылдың 2 наурызында Слупск қаласындағы (Балтық теңізінен 18 км жердегі) Помор академиясында басталды. Әдебиеттануға кіріспе, Көне орыс әдебиеті, XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиет, ғылыми мәтінмен жұмыс, сипаттама грамматикасы және т.б. пәндерді оқитын боламыз. Университетте, жатақханада, кітапханада барлығы біздерге әрқашан қол ұшын созуға дайын. Польша мен шетел студенттері тарапынан біздің елімізге, тілімізге, дәстүрімізге деген қызығушылықты байқадық. Тобымызда жеті студентпіз: бесеуі Украинадан келген. Сабақтар орыс тілінде өтуде. Пани Рычельсктің әдебиет сабағында ежелгі орыс әдебиетінің пайда болуы туралы мағлұмат алсақ, Пан Осухтың «Ғылыми мәтінмен жұмыс» пәнінде ғылыми жұмысты дұрыс рәсімдеу, студенттердің ғылыми жұмыстарына мәліметтерді қайдан, қалай іздеу керектігі жайлы ақпаратқа ие болдық. Осы семестр өте нәтижелі болады деп үміттенеміз. Себебі сабақтарымызды Помор Академиясының филология институтының жоғары білікті мамандары жүргізетін болады. Білім алуға осындай тамаша мүмкіндік бергендіктеріңізге алғысымыз шексіз». 2 курс студенттері Назлы Қадырова мен Айгерім Серікбай.

 

 

 

Қытайдан қонақтар келді


2017 жылдың 22 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің (Шаосин қаласы) Лу Цзяминь, Сюй Пингпинг, Юй Цхяхуэй, Ли Цзяли, Чжао Юань Минь студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік білім алуға келді.
Олар «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге оқитын болады. Қытай студенттері өз группаластарымен танысып сабақтарға кірісіп кетті.
Танысудың соңы курстың эдвайзері М.К. Абаева жетешілігімен ҚР Ұлттық кітапханасында өткен кинофильмдердің ашық көрсетілімі Ермек Тұрсыновтың конклубы Лекторий.kz-ке барумен жалғасты.
Көрермендер сотына «Выстрел на перевале Караш» (Караш асуындығы атыс) фильмы ұсынылды. Бұл кино бағалаушыларға нағыз сыйлық. Картина Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің желісі бойынша түсірілген. Қытай студенттері бірінші күннен бастап қазақ халқының мәдениетімен танысып жатқаны қуантатын жайт. Абай атындағы ҚазҰПУ келген қонақтарымызға тек қана жақсы маман болып қалыптасуға септігін тигізген оқу орны ғана болып қоймай, сонымен қатар студенттік өміріндегі ең қызықты, әрі есте қалатын кезең болады деген үміттеміз.

 

Біздің студент пен магистранттар Польшадан оралды.


2017 жылдың 8 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Польшадағы Слупск қаласындағы Помор академиясында семестрлік білім алып келген студент, магистранттармен кездесу ұйымдастырылды.
Студенттер осындай тамаша мүмкіндікті беріп отырған ҚР, университетіміз бен кафедраға алғыстарын білдіріп, өздерінің білім алу бағдарламалары жайлы айтып, Польшаның оқытушылары мен мәдениетінен алған әсерлерімен бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Әбішева Сәуле Жүнісқызы студенттерге ұсынылып отырған мүмкіндіктерді баяндап, Помор академиясының ректоры семестрлік білім алуға тағы 2 студентке грант бөлгендігі жайлы жақсы жаңалық айтты. Енді тағы екі студентімізге қосдипломды білім алу мүмкіндігі туды.
Биылғы бірінші курс студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы байқауына қатысуға мүмкіндіктері бар. Жеңімпаздар Помор академиясында семестрлік білім алады.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ: Польшадағы семестрлік білім

 

Польшадағы семестрлік оқу аяқталды

2017 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Помор Академиясында семестірлік білім алып жатқан «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен магистранттары Қазақстанға арналған шара ұйымдастырды.

Кешке қонақ болып Ирена Карпель, Пани Ричельская мен Полшаның студенттері қатысты. Қазақстандықтар еліміздің дәстүрімен таныстырды. Фатима Ахмедова жүргізіп, Накыз Бозтекеева тарихы мен салт-дәстүріміз туралы сөз қозғады. Жас ақын Мухамбетжан Майлыбай өз шығармашылығынан еліне арналған өлең оқыды. 2-3 курс студенттері Нурила Карабасова мен Акерке Жалгабаева патриоттық ән шырқаса, Жанерке Толеуова өз жоо мен кафедрасы туралы баяндама жасады.
Концерт соңында ұйымдастырушылар бауырсақтан ауыз тигізді. Помор академиясында басқа мамандықтар бойынша академиялық білім алып жатқан студенттер әріптестерін қолдауға келді.

 

 

 

             

 

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасуда


2016-2017 оқу жылында Слупск қаласындағы Польша Помор академиясымен ынтымақтастығымыз жалғасуда.
2016 жылдың қыркүйек айыннан 2017 жылдың қаңтар аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері мен магистранттары аталған жоо семсетрлік білім алады.
Оқуға бакалар дәрежесі бойынша 2-3 курс студенттері:
Рабига Жакенова,
Назли Кадырова,
Жанерке Толеуова,
Нурила Карабасова,
Акерке Жалгаева
2 курс магистранттары:
Мухамбеджан Майлыбаев,
Фатима Ахмедова,
Наргиз Бозтекеева аттанды.
Поляк тілінен курс тыңдалып, 1 қазаннан бастап жүйелі сабақ оқуға кірісті. Помор академиясының неофилология институтуның орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Галина Львовна Нефагинаның айтуы бойынша студенттер мен магистранттар табысты түрде жаңа оқу бағдарламасын игеруде.
Алда тек оқу ғана емес, сонымен қатар жаңа елдің мәдениетімен таныстық күтіп тұр.