қазақша · русский · english
   

Магистрлік білім беру бағдарламасының құрылымы 6М060800-Экология мамандығы бойынша, магистранттарды дайындаудың жалпы құрылымы келтірілетін оқу жоспарында көрсетіледі, негізінен пәндер тізімі және оқу, ғылыми -зерттеу жұмыстары түрінде сипатталады, олардың көлемі көрсетілген сәйкес кезңдерге біріктіріледі.

Жұмыс оқу жоспары мамандықтың ГОСО негізінде бір жылға жасалынады және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.

Мамандықтың ғылыми-педагогикалық ағыты бойынша РУП 16 кредиттен тұратын базалық курсты, олардың ішінде міндетті компонент 9 кредит және таңдау бойынша курстар 7 кредит көлемінде болады; профильдік пәндер циклы 18 кредит көлемінде орын алады; педагогикалық және зерттеу іс-тәжірибесі; ҒЗЖ; курстық жұмыстар; магистрлік диссертацияны жазу; мемлекеттік қорытынды аттестация; кешендік емтихан; диссертацияны қорғау жұмыстарынан тұрады.

Оқу және ғылыми жүктеменің көлемі кредиттер мен сағат санына байланысты есептеледі, оның ішінде теориялық және практикалық дайындық қарастырылған.

Мамандық бойынша магситранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін тапсырмалапрдың келесі түрлері жүргізіледі:

  • лекция мәтінің қайта өңдеу және оқу әдебиеттерімен жұмысты қамтитын лекциялық материалмен ағымдық жұмыс жасау;
  • курстың жеке берілген мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу және ақпараттың электрондың көздерін іздестіру (таңдау);
  • өз бетінше өңдеуге шығарылған материалды зерттеу;
  • тапсырмаларды, мәселелерді шешуге, жаттығуларды орындауға және т.б. қарастырылатын үй жұмысын орындау және үйге берілген бақылау жұмыстары, немесе әр практикалық сабақта берілетін, тақырып бойынша барлық практикалық сабақтарға бір мезгілде, пән тарауы бойынша берілген тапсырмалар ретін орындау;
  • зертханалық жұмыстарға дайындық;
  • практикалық және семинар сабақтарына дайындық;
  • бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана отырып оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал;
  • бақылау жұмысына дайындық,
  • АБ, емтиханға дайындық;
  • берілген мәселе бойынша реферат жазу;
  • есептік-графиктік жұмыстарды орындау, графиктер, диаграммалар құру;
  • курстық жұмыс немесе жобаны орындау;
  • презентация дайындау;
  • ғылыми конференциялар және семинарларға қатынасу;
  • оқытушымен алдын-ала қарастырылған тақырып бойынша ғылыми басылымдарға аналитикалық шолу жасау;
  • берілген тақырып бойынша статистикалық және фактілік материалдарға талдау жасау, есептеу жүргізу, статистикалық материалдар негізінде сызбалар мен модельдер құру;
  • ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • педагогикалық жұмыс;
  • магистрлік диссертация жазу.