қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.01.2021

«Екінші семестрдегі оқу үдерісі» вебинары

 

​2021 жылы 13 қаңтарда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының студенттері мен магистранттары үшін «Екінші семестрдегі оқу үдерісі» тақырыбында вебинар өткізілді.

 

Кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков, сонымен қатар топ эдвайзерлері білім алушыларды екінші семестрде оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы хабардар етті. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде 1-курс студенттері 2021 жылдың наурыз айында оқуға шақырылатыны атап өтілді. Вебинар тақырыбы өте маңызды болды, сондықтан барлық қатысушылар үлкен назар аударып, өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойды.