қазақша · русский · english
   
Оқу -әдістемелік қызмет

Кафедраның ПОҚ магистранттар мен докторанттарға арналған оқу-әдістемелік құралдар (ОӘК, ПОӘК), оқу әдебиеттері мен электрондық оқулықтар (проф. Қ.Б. Тлебаев, Р.Башарұлы, Ә.Баймаханұлы, М.С. Молдабекова, У.Қ. Тоқбергенова, Д.М. Қазақбаева, Б.Акитай), сондай-ақ физикадан жалпы білім беретін мектептің 7-11 сыныптарына арналған ҚР БжҒМ ұсынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (проф. Р.Башарұлы, У.Қ. Тоқбергенова, Д.М. Қазақбаева) даярлаумен айналысады. 12-жылдық білім беруге көшуге байланысты кафедра ПОҚ 12-жылдық мектептің 11-12 сыныптарына арналған физиканың байқау оқулықтары мен әдістемелік құралдарын даярлауға қатысуда (проф. У.Қ. Тоқбергенова, Д.М. Қазақбаева).