қазақша · русский · english
   
Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық факультеті

 

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің құрамында дене мәдениеті және спорт, бастапқы әскери дайындық салалары бойынша Қазақстан Республикасына танымал: 2 академик, 7 ғылым докторы,10 профессор,  14 ғылым кандидаты, 10 доцент, 6 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы және жоғарғы білікті әдіскерлер мен тәжірибелі мамандар бар.  

Қазіргі таңда факультетте халықаралық дәрежедегі  спорт шебері­­­ ­- 6, спорт шебері - 24,  37 спорт шеберлігіне кандидаттар оқиды. Солардың ішінен Шәкенов Мұрат су добынан екі дүркін Азия чемпионы атанып 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысса , Белых Илья 2011 жылы Орландо қаласында (АҚШ, Флорида штаты) жүзуден жеңіске жетті.  Ниязбеков Дәулет еркін күрестен 2011 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізіп, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бесінші орынды иемденді.  2012 жылы Қазақстан Республикасы біріншілігінде өз  салмақ дәрежелері бойынша дзюдодан Файзолланова Зәмзәгүл мен Есдаулетова Қарашаш алтын медальдан алқа тақты. Бокстан  2012 жылы Қазақстан Республикасы чемпионатында Пархатова Рано 2 орын, Хусайнова Ақерке 3 орын алды.

Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық мамандарын даярлайтын оқу-әдістемелік және спорт кешені Алматы қаласының орталық көркем саябағында орналасқан. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу жаттығу сабақтарын, сондай-ақ жоғарғы дәрежедегі бастапқы әскери дайындық мамандарын даярлау мақсатында факультет қазіргі заман талабына сай материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілген.

Факультетте мамандарды даярлау мақсатында қазіргі заман талабына сай оқу- спорт кешендері, оқу ғимараты, мультимедиалық құрал-жабдықтар, арнайы әдістемелік зертханалар, кабинеттер, стадион, спорт залдары және басқа ғимараттар бар.

Факультет қазіргі қоғам талабына орай  өмірлік маңызы бар жоғары дәрежелі дене мәдениеті және спорт пен бастапқы әскери дайындық мамандарын, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін, спорттың барлық түрі бойынша жаттықтырушылар мен сауықтырушы мамандарды даярлауды  жүзеге асырады.

Дене мәдениеті мен бастапқы әскери дайындық факультетінің тарихы 2000 жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасының құрамында  «Бастапқы әскери дайындық және дене мәдениеті»  мамандығы болып ашылуымен тығыз байланысты.

2007/2008 оқу жылынан бастап бұл мамандық «Дене мәдениеті мен бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы  атанып «Психология - педагогика» факультеті құрамынан жеке бөлініп шықты. Келесі жылы «Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық» факультеті болып ашылды.

Факультеттің деканы - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Тастанов Әділбай Жұматайұлы.

Деканның орынбасарлары:

 оқу ісі бойынша п.ғ.к., аға оқытушы Әбдрейімова Күлмесхан Әуелханқызы;

 тәрбие ісі бойынша аға оқытушы, капитан Тоқмолдаев Нұрқасым Молдасанұлы;

 ғылыми ісі бойынша п.ғ.к., аға оқытушы Ахметова Эльвира Қайратовна.

Факультет құрамында үш кафедра бар:

дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі  кафедрасы. Аталған кафедра дене тәрбиесі мен спорт саласында практикалық тұрғыдан жоғарғы білікті мамандарды дайындап, дене мәдениеті арқылы сауықтыру және қалпына келтіруді ғылыми-теориялық және әдістемелік мәліметтермен қамтамасыз етеді. Кафедра меңгерушісі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ильясова Алмагүл Нағиқызы;

- бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы. Бұл кафедра болашақ бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін және ҚР қарулы күштері қатарына мамандар дайындайды. Кафедра меңгерушісі - м.ғ.к., Тәукейұлы Сайлаубек;

- дене мәдениеті және сауықтыру кафедрасы. Дене мәдениеті және сауықтыру кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ оқитын  студенттердің оқу барысында денсаулық деңгейін сақтауды қамтамасыз етеді. Кафедра меңгерушісі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдарының академигі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Адамбеков Қайрат Ілиясұлы.

         Факультетте дене мәдениеті мен спорт саласындағы бакалаврлар дайындалады. 2011-2012 оқу жылынан бастап дене мәдениеті мен спорт саласындағы магистрлерді дайындау жүзеге асырылуда.

Шығармашылық емтихандар 1-2 шілде күндері ДМжС мамандығы үшін, 4-5 шілде күндері БӘД мамандығы үшін факультет базасы мен «Спартак» стадионында қабылданады

 

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

 

 

Мамандық

 

 

5B010800 - дене мәдениеті және спорт

5B010400 - бастапқы әскери дайындық

Академиялық дәреже

бакалавр

 

 

Оқу түрі

 

 

күндізгі, сырттай         (қ/б, о/б);

 

 

Оқу мерзімі

 

Орта мектеп бітіргендер үшін - 4 жыл (сырттай, күндізгі бөлім) қазақ, орыс бөлім, колледж бітіргендер үшін - 3 жыл (сырттай, күндізгі бөлім) қазақ, орыс бөлім,

екінші жоғары білім (сырттай) алушылар үшін - 2 жыл

Оқу түрі

грант,   ақылы

Шығармашылық емтихан

екі шығармашылық емтихан

 

Факультеттегі кәсіби бағдар беру ісі бойынша жауапты Тоқмолдаев Н.М.                

Ұялы тел: +77026318054,  ( 8-727)385-89-37 Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30,                               .                                Байланыс тел: 8 (727)291-73-71                                    

Сайт:www.kaznpu.kz