қазақша · русский · english
   

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының шақыртуымен Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика докторы, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің профессоры Эсенбек Мамбетакунович Мамбетакунов 2016 жылдың 20-қарашасынан 3-желтоқсан аралығында студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарына дәріс оқыды.
Профессор Э.Мамбетакунов ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік премияның, Ж.Баласағын атындағы премияның лауреаты және де мектеп «Физика» оқулықтарының авторы болып табылады.
Дәріске кафедра оқытушылары, «Математика», «Физика» және «Информатика» мамандықтарының магистрант-докторанттары, сонымен қатар дәріске қызығушылық білдірген студенттер қатысты.
Дәріс тақырыбы: «Дидактика высшей школы (Система университетского образования)».

 

 

 

Математика, физика және информатика институты «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының шақыруымен 24.10.2016-07.11.2016 жыл аралығында студенттер мен магистранттар-докторанттарға және профессор-оқытушыларға дәріс оқу мақсатымен (Мәскеу қаласы. Ресей) Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика 

ғылымдарының докторы Владимир Алексеевич Смирнов дәріс оқуға келді.
Профессор В.А.Смирнов геометрия, топология және оқыту әдістемесі бойынша маман, ол «Математика» мамандығында оқитын студенттерге, магистранттарға және докторанттарға мектепте, жоғары оқу орнында математика мен геометрияны оқытудың өзекті мәселелері жайлы дәріс оқыды. Ғалым кафедра оқытушыларымен бірнеше рет кездесті, кездесу нәтижесінде барлық оқытушыларға жемісті және қызықты әңгіме өткізілді.

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылында жалпы университеттік кафедра - математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы ашылып, 2014-2015 оқу жылынан бастап «Математика, физика және информатика» институтының құрамында жұмыс атқаруда.
Міндеті: Абай атындағы ҚазҰПУ - дың басты және негізгі міндетіне сай бастапқы білім негіздері мен қолданбалы әдістерді меңгерген бәсекелестікке қабілетті, жоғарғы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар мамандар дайындау.
Мақсаты: жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау.
Қызметі:
5В010900-математика,
5В011000-физика
5В011100-информатика мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар даярлау.
6М010900-Математика, 6М011000-Физика,
6М011100-информатика, 6D010900-Математика

 

Математика, физика және информатика институтының 2016 - 2017 оқу жылында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Математика, физика және информатиканы оқыту кафедрасы 2017 жылғы 24 ақпанда мектеп бітірушілерге арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласының мектептерінен, лицей, гимназиялардан 155 оқушы, мұғалімдер, дайындық курсы студенттері, институт әкімшілігі және математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында мектеп бітірушілерге: жаңа форматта жоғары оқу орындарына қабылдау, институт даярлайтын мамандықтар туралы ақпарат беру, оқу базасымен, оның ішінде компьютерлік сыныптарға, физикадан зертхана кабинеттеріне, кітапханаға, іс-шара өтетін залға экскурсиялар жасау, кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен таныстыру, «Абай Университеті» газеттерін, университетттің жарнамалық буклет, журналдарын тарату, академиялық ұшқырлық бағдарламасымен шетелде оқып келген студенттер мен магистрлердің іс- тәжірибесін тыңдау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Институт директоры А.С.Бердышев, Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығының маманы К.К.Жантлеуов, МФжИОӘ кафедрасының доценті Е.А.Тұяқов сөз сөйледі.

Кафедраның профессор-оқытушылары Ә.Шоқанов, Ж.Т.Қайынбаев, Ш.Т. Шекербекова, студент-магистранттар Д.Ермекова, Ж.Разақ, Д.Войтов институттың материалдық-техникалық, оқу базасымен таныстырып, 5В010900-математика, 5В011000-физика, 5В011100-информатика мамандықтары бойынша презентациялар жасады.

Кафедраның профессор-оқытушылары Ә.Шоқанов, Ж.Т.Қайынбаев, Ш.Т. Шекербекова, студент-магистранттар Д.Ермекова, Ж.Разақ, Д.Войтов институттың материалдық-техникалық, оқу базасымен таныстырып, 5В010900-математика, 5В011000-физика, 5В011100-информатика мамандықтары бойынша презентациялар жасады.

Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға толық жауап қайтарылды.