қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.04.2016

Академик К. А. Оразбекова мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми -практикалық конференция

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде академик К. А. Оразбекованың 75 жасқа толған мерейтойына арналған «Психологияның қазіргі мәселесі: қайнар көзінен бастап жаңа заманға дейін» атты Халықаралық ғылыми -практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты - психологиялық және педагогикалық зерттеулердегі әр түрлі бағыттарды жүзеге асыру мәселесіне байланысты сұрақтарды кең ауқымды талдау.
Конференция 5 секция бойынша жұмыс жасады:
1. «Жалпы және қолданбалы психологияның замануи мәселелері»;
2. «Психология мен педагогиканың даму тарихының замануи мәселелері»;
3. «Психолог-мамандарды дайындау мәселесі»;
4. «Психолог-практиктерді дайындау жүйесіндегі медитация мәселесі»;
5. «Қазақстандағы этнопсихологиялық зерттеулер».Конференцияның пленарлық мәжілісін Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор М. Е. Ермағанбетов ашып, академик К. А. Оразбекованы мерейтойымен құттықтады.
Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның пленарлық мәжілісінде Мәскеудегі Халықаралық Кәсіпкерлік Қауымдастығының Президенті, академик, психология және педагогика ғылымдарының докторы С. Н. Царевская, Мәскеу қаласындағы Марапаттау Комитетінің Төрағасы, полковник В. Б. Пичурин, Халықаралық Кәсіпкерлік Қауымдастығының вице-президенті И.С.Сорокин, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Шығармашылық Бірлестігінің Президенті, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан, Еуразия, Әлем Халықтары Жазушылары Одақтарының мүшесі, генерал-майор А. А. Нұрманов, Қоғам қайраткері, жазушы, академик Матқан Молдағали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. М. Күймебаев және т.б.
К. А. Оразбекованың ерен еңбегі туралы ҚазҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы
Б. У. Сманов, Қоғам қайраткері, жазушы, академик Матқан Молдағали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. М. Күймебаев, Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие жөніндегі проректор, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ж. Е. Ішпекбаев баяндамалар жасады.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысы психологияның қазіргі мәселелерін қарастырған тақырыптық секцияларында жалғасты.


Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы.