қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2020

«Ашық есік» күні

 

2020 жылы 17 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» және тілдік бағытта оқуға түсетін талапкерлер үшін Zoom платформасында онлайн түрде «Ашық есік» күні өткізілді.

 

Аталмыш іс-шараға факультет деканы Г.З.Таубаева, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М.Джунусова, профессор-оқытушылар құрамы және талапкерлер қатысты.

 

Факультет деканы Галия Таубаева талапкерлерге факультеттің тарихы, бүгіні және болашағы, атап айтсақ, факультеттегі оқу-тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен оның дәрежесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды. Сөз соңында талапкерлерге алда тұрған тестілеуден өтіп, факультеттің тыңдаушылары қатарына қосылуларына тілектерін білдірді. Қоғам талап етіп отырған ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттілігі туралы айтып, біздің факультетке оқуға түсулеріне сәттілік білдірді.