қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.08.2020

Студенттік еңбек жасақтарының маусымдық жұмыстары табысты аяқталды

 

Жазғы маусымда студенттерді уақытша жұмыспен қамту және олардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2020 жылдың 1 маусымы күні Студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл Ел» еңбек жасағы жұмыстарын бастаған болатын.

 

Студенттік құрылыс жасағы қатарына 40 студент, «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына 60 студент жұмыс жасады.

 

Жасақ қатарына қабылданған жастар жаз бойы тегін жатақханамен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.

 

Студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл Ел» еңбек жасағы өздеріне тапсырылған жұмыстарды толығымен орындап, бірқатар іс-шаралардың өтуініе атсалысты. Атап айтқанда, қалалық сенбілік жұмыстарына, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен эко-патруль жұмыстарына, университет ауласын көгалдандыру, жатақханалардағы жөндеу жұмыстарына жұмылдырылып, онлайн экскурсиялар мен онлайн семинар-тренингтерге қатысты.

 

Қорыта айтқанда, еңбек жасақтарының маусымдық жұмыстары өз тиімділігін көрсете білді.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті