қазақша · русский · english
   
Жастар ісі жөніндегі комитет

 

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2003 жылы Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды.

ЖІК арнайы кабинет бөлінген. Комитет өз қызметінде ЖІК туралы Ережені басшылыққа алады. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің отырысы айына бір рет жүйелі түрде өткізіліп отырады.
Жастар ісі жөніндегі комитет институттар мен факультеттегі Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі және жатақханалардағы студенттер кеңесі жұмысын үйлестіреді.
Жастар ісі жөніндегі комитет Алматы қаласы бойынша «Жас Отан» Жастар Қанаты, «Қазақстан Студенттер Альянсы», «Ауыл жастары» одағы, «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Қазақстан жастары конгресі» сияқты жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Студент жастарды жұмыспен қамту, оларға материалдық тұрғыда қолдау көрсету мақсатында жазғы маусымда Студенттік құрылыс және еңбек жасақтары ұйымдастырылады. Университетіміздің Студенттік құрылыс жасағы республикалық жоғары оқу орындарындағы Студенттік құрылыс жасақтары арасында ең үздіктер қатарында.
Студенттерді университеттің қоғамдық өміріне барынша тартудың басты формасы ол студенттік секциялар, үйірмелер мен клубтар.
Осы орайда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 13 клуб, 12 үйірме, 1 бірлестік және де 23 спорттық секциялар жұмыс жасайды. Солардың ішінде: «Атамекен» пікір-сайыс клубы, «Айгерім» сән театры, мамандықты тереңдетіп оқытуға бағытталған «ПедХИМ», «Тағылым», «Китаист», «Живое слово», «Бойтұмар», «DIPLOMAT», «Самрұқ» клубтары мен «Интересная математика», «Информатика», «Физика» үйірмелері, «Жаһангез» шығармашылық-танымдық клубы, «Қырмызы қыздарай», «Тарихи зерде», «Дәстүр», «Қыз қылығы», «АруАрт» эстетикалық клубтары, «Мейірім» қайырымдылық клубы, «Дала дауысы» вокалды-аспаптық ансамблі, «Жас қалам» әдеби-шығармашылық клубы, «Апорт» КТК командасы, «Кәусар» триосы, «Сырлы саз» аспаптық тобы.
Университет жастары «AIESE», «SIFE» и «Сила молодых» халықаралық студенттік ұйымдарымен қарым-қатынас орнатуда.
Университетте ұйымдастырылатын жастардың дәстүрлі акциялары:
1. «Жемқорлықсыз сессия»
2. «Халың қалай, студент?» ашық микрофон
3. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет!» атты қайырымдылық акциясы
4. «Абай айтады...» атты ақпараттық-танымдық акция
5. ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған акция
6. «Сұлулық күні» акциясы
7. «Әдептілік апталығы»
ЖІК бастамасымен жыл сайын «Жұлдызды жұма», «Студенттік апталық», «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы, «Дипломмен ауылға», «Жұлдызды футбол» жолдастық турнирі, «Мамандығым-мақтанышым», «Алло, біз талантарды іздейміз!» кастингі ұйымдастырылады.
Олимпиадалар мен дебаттық турнирлер:
1. «Заманауи студент» интеллектуалдық шоу
2. Ректор кубогына арналған дебаттық турнир
3. Информатика, математика және физика мамандықтары бойынша жыл сайынғы «Абай сыйлығына» республикалық студенттік пәндік олимпиада.

Фестивальдер:
1. Екі жылда 1 рет «Абай әлемі» атты студент жастардың республикалық өнер фестивалі
2. «Көктем шақырады!» атты студенттік фестиваль
3. «Арай» республикалық патриоттық әндер фестивалі

Университет студенттері республикалық турнирлерде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі фестивальдар, байқаулардың лауреаттары атағына ие. Университетіміздің «101 Алматинец» КТК командасы халықаралық ойындарының сонымен қатар ТМД елдерінің КТК комадалары арасында Қазақстан КТК ашық лигасының жеңімпазы атанды.

Соңғы жылдары университет студенттері Азия және Әлем чемпиондары атанып, республикалық, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері болды. Атап айтқанда: университет түлектері мен студенттері Ниязбеков Даулет, Шакенов Мурат, Белых Илья 2012 жылғы жазғы Лондон Олипиадасының қатысушылары. Файзолланова Замзагүл, Самалиев Құрал дзюдодан әр түрлі салмақ дәрежесінде Қазақстан біріншілігінде және де Тобықов Даурен еркін күрес бойынша алтын медальдарға ие иболды. Мадияр Ашкеев бокстан 69 салмақ дәрежесінде Қазақстан және Әлем кубогының бірнеше мәрте чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының мүшесі.