қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.06.2020

Құқықтану кафедрасының ғалымдары Қазақстан жоғары оқу орындарының ТОП-50 оқытушылар құрамына енді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының ғалымдары (заң ғылымдарының докторлары) «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы және профессор Хамзина Жанна Амангелдіқызы Ұлттық рейтинг-2020 нәтижелері бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының ТОП-50 оқытушылар құрамына енді.


Ермек Әбілтайұлы, Қазақстанның заң ғылым саласын әлем деңгейінде көтеріп жүрген ғалымдардың бірі. Оның көрінісі, екі мәрте, 2018 және 2019 жылы Elsevier-Scopus халықаралық компаниялардың Scopus Award Ceremony рәсімінде «Best Researcher in Social Sciences» номинациясы бойынша әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ең үздік зерттеуші болып танылды. 250 аса ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде 8 монографиясы бар, оның 4-уі шетелдік баспаларда ағылшын тілінде жарық көрген. 5 монография Ресей ғылыми дәйексөздеу индексі базасында (РИНЦ) тіркелген. Екі оқу құралының авторы. Шетелдік журналдар да, ғылыми метрикалық базаларда Scopus және Web of Science индекстелетін 40 астам мақала жариялаған. Индекс Хирш (Scopus) - 11 құрайды.

 

2018 жылы ҚР БжҒМ «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 2018 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды. ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Білім Министрлігінің Алғыс хаттарым мен грамоталарымен марапатталған. 2016 жылы түнғыш рет Қазақстан мен Орта Азияның жалғыз өкілі Е.Ә. Бөрібаев халықаралық Нотариат Одағының жеке мүшесі ретінде сайланды (UINL, Буэнос-Айрес штаб-пәтері, Аргентина). 2020ж. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрығымен, әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау саласындағы бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жеті жұмыс топтарының әзірлеушісі ретінде тартылды. 15 авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін иегері.

 

Хамзина Жанна Амангелдіқызы, Қазақстан Республикасындағы жалдамалы еңбек, халықты әлеуметтік қорғауды құқықтық қамтамасыз ету саласы бойынша жетекші ғалымдардың бірі. 2004, 2014, 2018 және 2019 жылдары жарияланған «ҚР Еңбек құқығы» және 2006 және 2014 жылдары жарыққа шыққан «ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» атты жоғары оқу орындары үшін ҚР БжҒМ ұсынған оқулықтардың авторы.

 

Жанна Амангелдіқызы, әзірлеген жарияланымдар мен сараптамалық қорытындыларда баяндалған Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасының әлеуметтік заңнамасын дамыту бөлімінің негізіне алынған болатын. 200 аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 9 монография, 4-уі шетелдік баспаларда ағылшын тілінде жарық көрген. 5 монография Ресей ғылыми дәйексөздеу индексі базасында (РИНЦ) тіркелген, 6 оқулық, 3 оқу құралы бар. Шетелдік журналдар да, ғылыми метрикалық базаларда Scopus және Web of Science индекстелетін 35 аса мақала жариялаған. Индекс Хирш (Scopus) - 11 құрайды.

 

2018 жылы Elsevier-Scopus халықаралық компаниялардың 1st Scopus Award Ceremony рәсімінде «Best Researcher in Social Sciences» номинациясы бойынша әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ең үздік зерттеуші болып танылды. 2019 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды.

 

13 мамыр 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестің құрамын бекіту» туралы №290 қаулысы бойынша ұлттық ғылыми кеңес мүшесі болып тағайындалды. 17 авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін иегері.

 

Біз ғалымдарымызды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ТОП-50 оқытушылар құрамына кіруімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз.