қазақша · русский · english
   
Жұмыспен қамту

 

Дефектология мамандығы бойынша жас түлектерді жұмыспен қамту

 

             Түлектерді жұмыспен қамту жұмысы бойынша жылдық жоспар құрылып, кафедра меңгерушісімен бекітілді. Жоспарланған жоспар бойынша атқарылған жұмыстар:

- 09. 2016 ж. Бітіруші студент топтарының эдвайзерлерімен «бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету» бағытында жүргізілетін іс-шаралармен таныстырып нақты тапсырмалар берілді.

- 2015-2016 ж түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша мәлімет жиналды, соған сай статистикалық есеб құрастырылды;

- 2016-2017 ж бітіруші студенттердің тізімі, олар туралы ақпарат, мәлімет жинақталды.

-03.02.2017ж студенттер мен түлектерге жұмысқа тұру, ауылдық квота, грант бойынша оқытылатын студенттердің міндеттері, өз беттілі жұмыс іздеу, резюме толтыру мәселелері бойынша кәсіби кеңес беру

- 14.03.2017Ауылдық квота бойынша оқытылатын студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Олардың құжаттарры әзірленді: келісім шарт толтыру, сұраныс хат жинау т.б.

- жеке категориялар бойынша ауылдық квота, грант және ақылы бөлімдер бойынша алдын ала жұмысқа тұруды жоспарлау кестесі құрылды. Студенттердің жұмысқа тұру бойынша анықтамалары жинақталды.

- 24.04.2017 ж Абай атындағы ҚазҰПУдың бас ғимаратында 2016-2017 оқу жылының бітірушілерін жұмыспен қамту мақсатында «Бос орын» жәрмеңкесіне 4 курс студенттерін эдвайзерлердің атсалысуымен қатыстыру жүргізілді. Алдын ала студенттермен резюме дайындау жұмысы жүргізілді.

2017 жылдың мамыр айының 4-де институттың студенттерін жұмысқа бөлу іс-шарасы өткізілді. Кафедраның бітіруші 86 студенті түгел қатысты.

             Түлектерді жұмыспен қамту жұмысы бойынша төмендегі мектептермен байланыс жасауда. 

1.Алматы қаласы, №5 Естімейтін балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты. 

2.Алматы қаласы, Қозғалыс аппаратының бұзылған балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты.

3. Интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған №6 арнайы (түзету) мектеп-интернаты. 

4Интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты

5. Алматы қаласы,  № 66 Сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған түзеу бала бақшасы.   

6. Алматы қ, «Есту қабілеті нашар балаларға (естімейтін балаларға) арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернат».

7. Алматы қаласы, №54 сөйлеу тілі күрделі кемістігі бар балаларға арналған бала бақша.

8. Маңғқыстау облысы. Бейнеу ауданы. Педагогикалық психология түзету кабинеті. 

9. КГУ «Специальная дошкольная организация зрения и речи №124»

10. Алматы облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты

11. №9 Сөйлеу қабілеті ауыр бұзылыстағы балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты 

12. №4Островский ат. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты

 

Серкебаева Роза Нусиповна.

Видео

Абай атындағы ҚазПИ дефектология мамндығы бойынша білім алды. (1993-1998ж).

Қазіргі таңда №5 арнайы (түзету) есту қабілеті зақымдалған мектеп интернатының директоры.

Оның бастамасымен № 5 арнайы (түзету) есту қабілеті зақымдалған мектеп интернаты ашылды(2008).  Мектепте 215 оқушы, 26 сынып, мемлекеттік тілде оқытылады. Мектеп жұмысы жақсы ұйымдастырылған, «Арай» би ансамбльі республикалық көлемде өнер көрсетіп, сыйлық орындарға ие болды. Спорт ойын түрлерінен оқушылар Словения, Қырғызстан, Астана, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды қалаларында өнер көрсетті.

Демеушілік көмек көрсетіп жүрген мекемелермен бірлескен нәтижесінде (ҚР Президентінің 1-ші фонды, «Бай-Бол», «Анкор», «Ақниет», «Шеврон» ж.т.б) экскурсиялар, сауықтыру орталықтарына жолдамалар көрсетіліп жатыр. 

         Бүгінгі таңда аталмыш мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ-нің дефектология мамандығының түлектері жұмыс жасауда.

Роза Нусиповнаның жетекшілігімен барлық мамандардың бірлескен жұмыс ұжымы сыйластықпен жұмыс жасайды.

 

   Шалгимбаев Талгат Мухаметкалиевич. пс.ғ.к.    

         Видео

       Абай атындағы ҚазПИ дефектология мамандығы бойынша білім алды. (1980-1985ж).

Қазіргі таңда Алматы қаласы,  №4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі.

Бүгінгі таңда осы мекемеде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің дефектология мамандығының түлектері жұмыс жасауда.

Талгат Мухаметкалиевич жетекшілігімен барлық мамандардың бірлескен жұмыс ұжымы сыйластықпен жұмыс жасайды.

 

 

2016-2017 оқу жылына арналған түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету жұмысының жоспары


Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша есеп


2016 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы туралы статистикалық мәлімет


2015-2016 жылғы жұмыспен қамту статистикасы


Арнайы педагогика кафедрасының 2015/2016 оқу жылында ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША

ЕСЕБІ


«Арнайы педагогика» кафедрасы 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мәлімті (сонғы үш жыл аралығы күндізгі оқу бөлімі).


5В010500- Дефектология мамандығы бойынша түлектерді жұмыспен қамту бойынша базалар.


Арнайы педагогика кафедрасының 2012/2013 оқу жылында ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША

ЕСЕБІ