
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
25.05.2020 XII республикалық пәндік студенттік олимпиада 
 2020 жылдың 21-22 мамырында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының 5В011200-Химия мамандығындағы 3 курс студенттерінен құралған команда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ХII Республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық есеп бойынша жүлделі 3-ші орынды иеленді. 
 Пәндік олимпиада онлайн түрде, екі кезеңде өтті. Олимпиаданың I туры теориялық кезеңінде қатысушылар химия пәнінен теориялық тапсырмаларға тест түрінде жауап берсе, II тур практикалық кезеңде осы пәннен практикалық есептерді шығарды. 
 Команда жетекшісі: доцент Айгүл Мейірманова. 
 Команда мүшелері: 3курс студенттері Дамир Казбеков, Аяулым Сейдазым. 
 
 
 
 
 
 «Химия» кафедрасы  |