қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.05.2020

Қазан федералды университетімен бірлескен вебинар 

 

2020 жылы 15 мамырда  Абай атындағы ҚазҰПУ- дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті  «Жаңа білім беру ақиқаты: қашықтан оқыту немесе толыққанды онлайн - білім беруге жедел көшу»  тақырыбында вебинар өткізді.


Вебинар спикері - Қазан федералды университетінің сырттай байланыстар жөніндегі проректоры, «Білім берудегі менеджмент» курсының оқытушысы Тимирхан Алишев. Ол ЖОО-да қашықтан оқыту жүйесіндегі оқытудың қазіргі жағдайын әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін ұсынды, онлайн - білім беруге көшудің жалпы мәселелері мен қауіп-қатері туралы айтты.


Кездесу белсенді диалог пен пікірталас режимінде өтті, оған әкімшілік-басқару қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Аудитория КФУ-да әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құруда Сингапур тәжірибесін қолдануға қызығушылық танытты.