қазақша · русский · english
   
Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 

 Абдықалықов Арман Үкіұлы
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастығы
Заң ғылымының магистрі
Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30, 210 каб.
 291-03-25
kaznpu_tarbie@mail.ru

 

 Бекбенбетова Қазына Асанқызы
Ректор аппараты басшысының орынбасары

Достық даңғылы, 13
k.bekbenbetova@abaiuniversity.edu.kz

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы оқу үдерісінің маңызды бөлігін құрайды және университеттің стратегиялық даму жолында маңызды орынға ие.


Тәрбие жұмысының мақсаты - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.
Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отансүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 17 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.
Тәрбие жұмысы жоспарының негізгі бағыттары:

• қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие;
• рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие;
• ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
• құқықтық тәрбие;
• студенттерге психологиялық көмек көрсету;
• студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру және экстремизмнің алдын алу
• дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру ;
• экономикалық тәрбие;
• экологиялық тәрбие;
• толеранттық мәдениет пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу.


Оқу орнында тәрбие жұмысы келесі деңгейлерде ұйымдастырылады: университет, институт, кафедра, студенттік топтар мен басқада құрылымдық бөлімшелер деңгейінде.
Университетте тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқару Тәрбие істері жөніндегі проректормен және оның қарамағындағы тәрбие жұмысын тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқарамасымен жүзеге асырылады.
Университетте дәстүрлі түрде жүргізіліп отырылатын Білім күні, Студенттер қатарына қабылдау, «Студенттік көктем» фестивалі, «әз-Наурыз Абай ауылында» атты мерекелік шарасы, студенттер мен ПОҚ арналған «Денсаулық» спартакиадасы, ЖҚТБ, нашарқорлық пен темекі шегудің алдын алу, жемқорлықпен күреске арналған мазмұнды шаралар студенттердің қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыруда.
Оқу ордасының тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалардың бірі - ол «Тәрбие жетекшілігі жүйесі». Аталмыш жүйе 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл жүйенің басты ерекшелігі: жоғары оқу орнында қызмет ететін профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді түгелдей жастар тәрбиесі ісіне тарту, қоғамдық маңызды шаруаны бірігіп атқару болып табылады.
Тәрбие жетекшісі - өз тобындағы студенттердің оқу-тәрбие үдерісіндегі қызығушылықтары мен құқықтарын қорғаушы, тұлғааралық қарым-қатынастарына және студенттердің күнделікті өмірін тиімді ұйымдастыруға дұрыс бағдар беруші педагог.
Тәрбие жетекшілігі жұмысын үйлестіру үшін университеттік Тәрбие жетекшілер кеңесі құрылған.
Университетте тәрбие жетекшілігі жұмысын жүргізу және басқарудың жүйелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу мақсатында Университеттік Тәрбие жетекшілерінің кеңесі құрылған.
Тәрбие жетекшілігі жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар нормативті құжаттары әзірленіп, қолданысқа енгізілді: Тәрбие жетекшісі туралы Ереже, Тәрбие жетекшісінің журналы, Тәрбие жетекшісіне арналған нұсқаулық, Тәрбие жетекшілері Кеңесінің Ережесі, «Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсының ережесі
Тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2011 жылдан бастап білікті ғалым-ұстаздардың көмегімен семинар-тренингтер мен мастер-кластар ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын «Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсы өткізіледі.


Жоғары оқу орнында ұстаздар мен қызметкерлердің және білім алушылардың адамгершілік-моральдық және кәсіби-этикалық қасиеттерін жетілдіру, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптасыру мақсатында Студенттер мен магистранттардың Этикалық кодексі, профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің Этикалық кодесі қабылданған.
Тәрбие үдресінде жыл сайынғы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру мен насихаттауға үлкен мән беріледі. Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру бойынша кешенді жоспар әзірленген.
Университетте жастарды толеранттылыққа, ұлтаралық келесім мәдениетіне тәрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында экстремизмге идеологиялық қарсы тұру бойынша жоспар әзірленген, дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылып, аталмыш топпен жыл бойы дәрістер циклы ұйымдастырылады.
Көпмәдени ортада студенттерді түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында университет жанынан 2011 жылы «Бірлік» Студенттік Ассамблеясы құрылды.
Білім ордасында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі басты назарға ие. Осы орайда, жыл сайын «Құқықтық сауаттылық» онкүндігі ұйымдастырылып отырылады.