қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2020

Рига техникалық университеті делегациясының Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары

 

2020 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, информатика және физика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев Рига техникалық университеті бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі профессор Алексей Юренокпен және оқытушы-лектор Юлия Свинтицкамен кездесті. Бұл кездесуге Рига техникалық университетінің еліміздегі іскер әріптесі «Альфа Робот Қазақстан» өкілі Гүлнұр Сәлем қатысты.

 

Кездесудің мақсаты - мектептер мен балабақшаларға арналған робототехниканы оқыту тұжырымдамасы бойынша зерттеу және нәтижелерді енгізу саласындағы ынтымақтастық.

 

Алексей Юренок Латвияда, Эстонияда, Литвада (600-ден астам) мектептер мен балабақшалардың үлкен желісімен ынтымақтасады. Іскерлік серіктес «Альфа Робот Қазақстан» балабақшалар мен мектептерде білім беру үдерісінде еуропалық әдіснаманы енгізуді жоспарлауда.

 

Кездесуге Математика, информатика және физика институты, сонымен қатар Педагогика және психология институты оқытушылары қатысты. Олар балаларға арналған роботпен және көрнекі құралдармен танысты.

 

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚазҰПУ-дың STEM-паркінде робототехника кабинетін ашу және жабдықтау мақсатында екі университет пен Қазақстан бойынша іскерлік серіктес арасындағы ынтымақтастық мәселелері, еуропалық серіктестерді қаржыландыру есебінен жоба бойынша жауапты маманның бір жылдық жұмысын қолдау мәселелері талқыланды. «Альфа Робот Қазақстан» Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына Алматы қаласының балабақшаларында, мектептерінде тағылымдамадан/тәжірибеден өтуді қаржыландыруды ұсынды.

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті