| 
   Тіркеу басқармасы (тіркеу офисі) - академиялық тәртіп пен ережелердің  орындалуын, білім алу үрдісін бақылауды ұйымдастырумен қамтамасыз ету, білім алушылардың академиялық рейтингтері мен оқу жетістіктерін тіркеуін қадағалайтын академиялық қызмет.   Тіркеу басқармасының құрамы төмендегідей: - күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі;- сырттай оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі.
 
 Тіркеу басқармасының негізгі міндеттері: - академиялық күнтізбені құру және орындалуын бақылау;- білім алушылардың оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу үрдісін ұйымдастыру;
 - білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау;
 - білім алушылардың оқу жетістігін бақылау жүйесін ұйымдастыру;
 - білім алушылардың рейтінгісін есепке алу;
 - білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеу;
 - студенттер туралы есептiк жазбалардың құпиялы және дәл болуымен  қамтамасыз ету, білім алушылардың оқу жетістігін дәлелдейтін емтихан тізбелерін сақтау;
 - сессияның академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестация  нәтижелерін талдау;
 - оқытушылар және эдвайзерлермен өзара байланыс;
 - академиялық қарыздарды, оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды қайта тапсыру, қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жазғы семестр ұйымдастыру;
 - СМЖ ИСО 9001:2008-дің талаптарына және оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес оқу құжаттарын жүргізу;
 - ҚР БҒМ-не, университеттің әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушылар мен білім алушыларға толық әрі дәл ақпарат жеткізу.
 
   |