қазақша · русский · english
 
 
 
 Мухиддинов Ерғали Мухиддинұлы
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
«Спартак» стадионы
 +7(727) 382-27-85
kafedra.timfkis @mail.ru

 

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының құрылу тарихы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы тарихымен байланысты. 2009-2010 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры академик С.Ж. Пірәлиев бұйрығымен ДМТмӘ, БӘД кафедрасы құрылды.


5В010800 - «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша стандартқа сай педагогикалық кәсіби мамандарды дайындап шығаратын кафедра болып табылады. Бітіруші түлектер «Дене шынықтыру педагогы», «Дене шынықтыру бакалавры», «Спорт түрі бойынша жаттықтырушы» біліктілігін алады.


2009-2010 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры академик С.Ж. Пірәлиев бұйрығымен «Дене мәдениеті теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып құрылды.


2018 жылдың тамыз айынан бастап «Сауықтандыру дене шынықтыру» кафедрасымен қосылып, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы болып аталды. Кафедра құрамында дене шынықтыру саласындағы жетекші мамандар: 6-ғылым докторы, 3 - профессор, 7 - ғылым кандидаты, 5 еңбек сіңірген жаттықтырушы және жоғары білікті әдіскерлер, педагогтар мен психологтар жұмыс істейді.Кафедрада барлығы 256 студент білім алып жатыр.

 

Кафедраның құрылымдық бөлімшелері 4 ғылыми-білім беру кешені болып табылады:
- оқу әдістемелік кешенге жауапты п.ғ.к., доцент Күлмесхан Абдраимова;
- ғылыми зерттеу қызметіне жауапты м.ғ.д., профессор Шамшидин Балғымбеков;
- тәрбие жұмысына жауапты аға оқытушы Иса Құрманәлі;
- практикаға жауапты аға оқытушы Өмірғали Рысқұлов.

 

2148
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler