қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті


2024 жылдың 19 cәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы университеттік сенбілік өтті.

 

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы, және студенттер қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілік барысында студенттер оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты.

 

Айта кетейік, аталған акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Және ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылып, оның әр аптасы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарымен жүзеге асатын болады.

 

Тазалық - табалдырықтан басталады!

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу