қазақша · русский · english
 
 
 

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы халықаралық байланыстарды кеңейту бағытында білім және инновациялық технологияларды үнемі жетілдіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Білімгерлер мен кафедра ПОҚ академиялық ұтқырлықты дамыту жоспарына сәйкес республика және ТМД елдерінің ЖОО білім бағыттарымен тәжірибе алмасып, зерттеу мақсатында ынтымақтастық қарым-қатынастар қалыптастыруда. Кафедра алыс және жақын шетелдердегі білім беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтармен тығыз қарым-қатынас орнатып отырады, солардың ішінде: Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика және психология кафедрасымен; Варшава қаласындағы Мария Гжегожевская атындағы арнайы білім беру академиясымен; Токио қаласындағы Тамагава университетімен; Махачкала қаласындағы Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бастауыш сыныптар факультетімен (Ресей, Махачкала); Екатеринбург қаласындағы Урал мемлекеттік педагогикалық университетімен; Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университетімен, Б.Гринченк атындағы Киев педагогикалық институтымен (Украина), Лейпциг атындағы университетпен (Германия, Берлин), Шешен педагогикалық университетімен (Ресей, Грозный), Қазан Федералдық университетімен, Елабуж институтымен (Ресей), И.Тургенев атындағы Орловск мемлекеттік университетімен (Ресей) тығыз байланыс орнатылған, Қазан (Приволжский)Федералды университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Чуваш педагогикалық университеті Яковлева.


БОПӘ кафедрасының халықаралық қауымдастықпен жұмыс жүргізудегі мақсаты:
- білім беру саласында халықаралық байланысты дамыту, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен білімгерлердің академиялық ұтқырлығын жетілдіру;
- білім беру мазмұны мен технологиясы аясында халықаралық жобаларды қолдану, институттың серіктестерімен ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
- халықаралық семинарлар, симпозиумдар, конференциялар жүргізу;
- ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарды бірлесіп жасауға шет елдердің ғалымдарын шақыру.

 

2018 жылдың 5-желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты БОПӘ кафедрасымен Қазан (Приволжский) федералды университеті Психология институты онлайн режимде «Желідегі бала» атты Халықаралық білім берудегі форсайт-сессия өткізді. Оған біздің ЖОО-ның «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатысты. Форсайт-сессияның мақсаты-болашақ педагогтар мен психологтардың бойында заманауи ақпараттық ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ноксологиялық құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыру. Форсайт-сессияның мәні проблемалық жағдайға батыру және өз құзыреттілігі мен өсу аймағын түсіну болды. «Девчата и Женя» командасы (Ткачева Алина, Голиков Евгений, Роменских Ирина, Лагода Ирина, Гасанова Халида, Тимошина Оксана, Ваврженчик Полина, Сетямова Динара, Ачилова Огулджан) «Желідегі бала» атты халықаралық білім беру форсайты-сессиясының педагогикалық кейстер чемпионатында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.


«Импульс» командасы (Хелимахунова Сабина, Филатова Виктория, Белова Наталья, Хейроева Руфина, Кирилова Ксения, Самбет Динара, Абдулла Назугум, Кадырова Юнель) «Командалық жұмыс» номинациясында жеңіске жетті.


ПОҚ халықаралық білім беру форсайт-сессиясының барлық қатысушылары (Жұмабаева А. Е., Кдырбаева А. А., Рябова Е. В., Лебедева Л. А., Тазабекова А. С., Бекбаева М. Т., Садуакас Г. Т., Арынова Г.) және студенттер, магистранттар қазан (Приволжский) федералды университетінің Психология және білім институты базасында 16 сағат көлемінде «Желідегі бала» халықаралық білім беру форсайт-сессиясының білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік алды. Форсайт-сессияға қатысушы кафедра оқытушылары Қазан Федералдық университеті тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.


11.09.2018 мен 07.10.2018 жылыаралығында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, магистранттары мен докторанттарына Тамагава (Жапония) университетінің профессоры Мория Селджи «Педагогикалық мамандықтар студенттерінің математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.


2018 жыл қазан айында Гази (Түркия) университетінен доктор, профессорлар Mehmet Guven, Мустафа Йылдыз, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторлары Ю.И.Родин, Е.Н.Землянская, Ю.А.Дмитриев бакалавриат студенттері, магистранттар және докторанттар үшін мамандарды даярлау дакөптілді оқыту мәселесі бойынша дәрістер оқыды, мастер-кластар мен семинарлар өткізді.


Докторлық диссертациялардың ғылыми кеңесшісі - Fatma Bikmaz(Анкара университеті, Түркия) 30 сағаттық дәріс оқыды. Дәрістік сабақтардың тақырыптары:
- қазіргі бастауыш мектепте педагогикалық диагностиканы жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері;
- педагогикалық диагностика бастауыш мектептегі білім беру үрдісінің феномені ретінде;
- диагностикалық қызметте ААТ қолдануға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттары;
- бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық диагностика субъектісі ретінде.

 

Академиялық ұтқырлық бойынша басқа ЖОО келіп оқитын студенттер

 

Академиялық ұтқырлық бойынша басқа ЖОО келіп оқитын магистранттар


Алыс шетелдерде оқыған магистранттар


 

999
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler