қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Ғылыми кітапхана
     
    Талапкерлерге



    Магистратура
    және PhD

     
    Ғылыми кітапхана

    Ғылыми кітапхана сайты

     

    Абай атындағы ҚазҰПУ кiтапханасы  оқу, ғылыми және әдебиетке тиісті тәрбиелiк үдерістерін қамтамасыз ететiн, және ЖОО-ның әр түрлi оқырман санаттары бойынша ақпарлық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, университеттің құрылымдық бөлiмшесі болып табылады. Кiтапхана ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен, гуманитарлық профильді жоғары және орта арнаулы оқу орындары кiтапханаларының Алматы қаласы және Алматы облыстарына арналған әдiстемелiк орталығы болып табылады. Ғылыми кiтапхананың кiтап қоры,  бiлiмнің әр түрлi салалары бойынша біздің университеттің профильіне сәйкес қазақ, орыс және шет тiлдерiнде кітаптар бар. Бiлiмнiң iргелi салалары, ғылымдардың гуманитарлық және қоғамдық-саяси оралымы бойынша, экономика және заң әдебиетi, бүкiлк әлемдiк көркем әдебиеттiң ең бай қоры, сонымен  қатар орысша, қазақша, кейбiр еуропалық тiлдердегі әдебиеттерде жетерлік. Кiтапхананың кiтап қоры 1 555 977 даналарды құрайды:

     

    • оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиет
    • ғылыми әдебиет
    • көркем әдебиет
    • периодты шығарулар

     

    Жыл сайын ғылыми кiтапхананың кiтап қоры әдебиеттiң 50 000 даналарына толықтырылып отырады және кезеңдік шығаруларға жазылулар жүргізіледі. Кiтапхана Факультеттердiң оқу корпустарында  кітапхананың  9 оқу залдары бар:

     

    • география - экология және химия - биологиялық;
    • физика-математикалық;
    • тарихи;
    • психология-педагогикалық;
    • көркем-графикалық;
    • шет тiлi және халықаралық қатынастар факультеті;
    • филология;
    • құқық және экономика институты;
    • электрондық ресурстар залы.

     

    Анықтама-ақпараттық қызмет ету - ресурсты-технологиялық бағытқа қатысты  динамикалық дамитын орталықтардың бірі. Осы уақытта ғылыми кiтапханада 82 дербес компьютер, кiтапханалық  кеңейтiлген  оқу залдарында 60 дербес компьютерлер, интегралды кеңейтілген  ИРБИС-64  ақпаратты -кітапханалық  жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орындарын  (АЖО ) функционалдау үшін 22 дербес  компьютер, 16 принтер, 1 теледидар, 2 көп қызметтi құрылғылар, 2 сканер, 1 ксерокс, 2 ноутбук, 2 кiтап сканерлерi бар. Компьютерлік технологиялар паркі  тиiстi бағдарламалық әдiсiн қамтамасыз етудi жыл сайын толықтырып, жаңартып отырады. Университеттің оқу процесiн ақпаратпен қамтамасыз етудiң мақсатында кітапхана жаңа WEB-технологияларды: интернетті  қолданады,  электрондық  дерек қорлар мен  электрондық тiзiмдеменi қолданады. Электрондық тiзiмдеме - бұл машинамен оқу пішінде,  уақыттың нақты  режимінде жұмыс iстейтiн, кітапхана оқырмандарының билігіне  ұсынылған кітапханалық тiзiмдеме. Каталог ресурстарын тек қана кітапхана тұтынушылары емес, сондай-ақ алшақ жатқан оқырмандар да қамтылған. Қазіргі таңда мәліметтер базасы UNIMARK халықаралық стандартына  сәйкес, 76909 кiтаптардың атауларынан тұрады. Ғылыми кiтапхананың барлық   жұмыс үдерiстеріәдебиеттiң жаңа түсулерiн тiркеуден бастап(ажо «Комплектатор»), толық өңдеуді қамтамасыз ете отырып,ИРБИС64  жүйесімен автоматтандырылған, жүйелеу (ажо «тiзбешi») мен материалдың толық мәтініне (ажо «оқырман») бару жолын қамтамасыз ете отырып қызмет көрсетумен аяқталады. Электрондық кiтапхана жергiлiктi желі бойынша кiтапхананың барлық қолданушыларына ұсынылған. Кiтапхананың оқырмандары қызметтерiне жеке толық мәтіндi дерек қоры бар электрондық тiзiмдеме қызметі ұсынылған: оқулық және оқу-әдiстемелiк (ОӘК ) кешен, мамандықтар бойыша  PDF  қалыптағы   оқу-әдiстемелiк (ОӘК ) кешен,СD менDVD дисктердегі  оқу шығарулары және оқу-әдiстемелiк журналдар (нөмiрлерімен), университет ПОҚ-тың интерактивті мультимедиа оқулықтары  газеттер мен  журналдар баптарының толық мәтінді базасы бар. Кiтапхананың оқырмандары Internet жаhандық ақпараттық желiсін пайдалану  мүмкiндiгi бар және мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде "Параграф" ҚР заңнамалық актiлердiң  ақпараттық банкiлерімен ие болады. Кiтапхананың қолданушылары сыртқы электрондық ресурстарға рұқсаты болады: толық мәтіндi РНЭБ, РМЭБ, Томпсон, Шпрингер дерек қоры. Университеттiң кiтапханасы Internet желiсіне қосылған, өзінің  веб-сайты бар. Кiтапхана университеттің  әр түрлi мәдени іс-шараларына (конференциялар, мәжiлiстер және басқалар) қатысады және өткізеді, online тәртiбінде  видеоконференция жүргізеді. Бiлiмнiң отандық және шетел  ұйымдары, кiтапханаларымен  жедел ақпарат  алу және ақпарат  алмасу  үшiн интернет / телефон/ факс /электрондық почта/ қызметін пайдаланады.  Абай атындағы  ҚазҰПУ кiтапханасы  Қазақстан кiтапханалар қауымдастығы арқылы шетел басылымдары  туралы ақпарат алады, кітапханалық  сұрақтарға  арналған әдiстемелiк шараларға қатысады.

     

     Қазақ және орыс тiлдерiн бізбен бірге үйреніңіз!

     Бiздiң мекенжайымыз: Алматы қаласы, Төле би көшесі,

    Тел.: 8 (727) 261-22-43, 272- 81- 97