қазақша · русский · english
 
 
 
 Ермуханов Еркін Нурадинович
Кафедра меңгерушісі
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Жамбыл көшесі, 25
 8-707-370-20-66
ermukhan_erkin@mail.ru

 

Кафедра қызметiнiң негiзгi бағыттары

 

Тарих факультетiнің Әлем тарихы кафедрасы университеттiң ежелгі кафедраларының бiрi болып табылады. Ол 1938 ж. құрылды және сол кезде Жалпы тарих кафедрасы болып аталды. Әлем тарихы кафедрасы бұрынғы дәстүрді сақтай отырып кәсіби жолдан өтті.


Жалпы тарих факультетінің негізі ресми түрде КСРО Халық Комиссарлау Кеңесі мен Бүкіл одақтық атқару комитетінің жоғарғы мектеп істерінің бұйрығы бойынша 1938 ж. 7 наурызда қаланды. Сол кезде кафедрада екi профессор, бiр доцент, екi аға оқытушылар жұмыс iстедi. Бiрiншi кафедра меңгерушiсi профессор Владимир Евгеньевич Фавор болды. Ол жаңа заман тарихы курсын оқыды. Профессор Н.Н.Розенталь орта ғасыр тарихының курсын жүргізді. Доцент Г.Ф.Бутлер алғашқы қауымдық қоғамның тарихынан сабақтар жүргізді. Аға оқытушы А.Н.Коваленко Еуропа мен Америка елдерiнiң жаңа заман тарихынан сабақ бердi.


Ұлы Отан соғысы кезінде Жалпы тарих кафедрасының құрамы iрi ғалымдармен толықты. Соғыс кезінде кафедрада Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдар жұмыс iстедi. Жалпы тарих кафедрасында тарихшы-ғалымдарының ең бірінші КСРО-ның Мемлекеттік (Сталиндік) сыйлығының лауреаты атанған КСРО Ғылым академисының тарих Институтында аға ғылыми қызметкер Ян Яковлевич Зутис жұмыс істеген. Бұл сыйлыққа «Балтийский вопрос в XVIII в.» монографиясы үшін ие болған. Кейіннен Я.Я. Зутис Латвия КОР-ның академигі болып сайланды. Ол Жалпы тарих кафедрасында антикалық тарих және орта ғасыр тарихынан курстар жүргізді.


Кафедрада көп жылдар бойы тәжірибелі маман кадрлар жұмыс жасаған. Атап айтар болсақ: т.ғ.д., профессорлар Ирмұханов Б.Б., Юсупов И.И., т.ғ.к., доценттер Чемирбаева Б.Ч., Бақшилов С.Қ., Ахметов А., Абдрахманова К.А., Абдрахманов Х.А., Өмірзақов Ө.Ә., Москва мен Петербургтық ғылыми мектептерден тәжірибе алған т.ғ.к., профессор Р.Р. Каирбекова, т.ғ.к.,профессор А.В. Шарипова.


Тарих факультетінің көптеген түлектері қазір жалпы тарих кафедрасынында жұмыс жасайды: т.ғ.к., доцент Ермуханов Е.Н., т.ғ.к., профессор Жұмағұлов Б.С., т.ғ.д., профессор Тулекова М.К., т.ғ.д., профессор Сүтеева Х.А. сондай-ақ Москва мен Петербургтық ғылыми мектептерден тәжірибе алған т.ғ.к., профессор С.В. Тимченко.


Кафедра меңгерушісі болып әр жылдары төмендегі ғалымдар қызмет жасады: т.ғ.д.,профессорлар Ирмұханов Б.Б., Юсупов И.И., Алтаев А.Ш., Тулекова М.К., Несипбаева К.Р., Жугенбаева Г., Жумағұлов Б.С., Махаева А.Ш.


2018 жылы Әлем тарихы кафедрасы Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасымен біріктірілді. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізе отырып, тарихи пәндерді оқыту әдістемелін жетілдіру мәселелерімен айналысады. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының қызметінің басты бағыты - студенттердің әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуымен таныстыру және қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру, «Толеранттылық негіздері» пәнін оқыту болып табылады. Тарихи білім беру білім алушылардың ұлттық мемлекеттік және тұлғалық сапаларын қалыптастыратын жүйеленген білімді ұсынады. Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының алдына қойған міндеті: қазақ халқының тарихын жаңа теориялық ¬әдістемелік талаптарға сәйкес, әлемдік тарихнаманың тәжірибесін, ел азаматтарының санасы мен мінезінде болып жатқан логикалық өзгерістерді ескере отырып қайта қарастыру. Қазіргі уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан территориясындағы тарихи процесстерді пәнаралық сипаттағы кешенді тарихи зерттеуді талап етеді.


2018 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ермуханов Е.Н. тағайындалды. Қазіргі кезде кафедрада оқытушы-профессорлар құрамы 13: т.ғ.к., профессор Б.С. Жумагулов, т.ғ.к., проф. Нұрманбетқызы Ж., т.ғ.д., профессор Тулекова М.К., т.ғ.д., профессор К.Р. Несипбаева., т.ғ.д.,профессор К.А.Сутеева, п.ғ.д., проф. Абдугулова Б.К., т.ғ.д. Махаева А.Ш., т.ғ.д. аға оқытушы Сманкулова Ж.Е., т.ғ.к., профессор С.В. Тимченко, т.ғ.к., доцент Е.Т. Калиева, п.ғ.к., доцент Джайнакбаева Г.Т., п.ғ.к., доцент Дайрабаева А.Е., т.ғ.к., аға оқытушы Жусанбаева Г.М., т.ғ.к., аға оқытушы К.Т. Кашакбаева, т.ғ.к., аға оқытушы М.М. Муратказин. т.ғ.к., аға оқытушы А.К.Шорманова, PhD, аға оқытушы Рустем К.М., магистр, аға оқытушы Иманмолдаева Б.З., магистр, аға оқытушы Манапбаев Н.Б., магистр, аға оқытушы мКөккозова Г.М., магистр, оқытушы Таспулатова К.Т., магистр, оқытушы Касымов М.С., магистр, оқытушы Жакауов М.Д., магистр, оқытушы Құттыбекқызы Г., магистр, оқытушы Мамырбаев Д.Ж., магистр, оқытушы Әбдіхалық Т.О. және аға лаборант Сбанбаева А. Э.


Кафедраның мамандырылу шеңберінде оқытушылар жалпы тарихтың тарихнамасы мен тарих ғылымының әдістемелігі бойынша көптеген негізгі және арнайы курстар жүргізеді. Толеранттылық негіздері; Тарихты оқыту әдістемесі; Тарихи информатика; Білім берудегі менеджмент; бағалаудың өлшемдік технологиялары; визуалды антропология; Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар; мұрағаттану; Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Орта ғасыр тарихы; халықаралық қатынастар тарихы; Әлем діндердің тарихы, Алғашқы қауымдық қоғамның тарихы, Түркі халықтарының тарихы және т.б.


Университет бойынша ранжирлеуден 5 жыл аралығында (2011-2016 оқу жылдары) 2 орын алды. Кафедра 5В011400-Тарих мамандығында Білімді сырттай бағалау бойынша(ВОУД) Түркі халықтарының тарихынан 3 жыл бойы республика бойынша 1 орын алып келе жатыр. Биылғы оқу жылында кафедра мамандығы 5В020300-Тарих мамандығы бойынша Білімді сырттай бағалау бойынша(ВОУД) республика бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болдық.


Кафедра жанында студенттер мен магистранттардың қатысуымен құрылған «Жерұйық» және «Аль-Тарих» ғылыми үйірмелері жұмыс жасайды. «Жерұйық» командасы 5В020300-Тарих мамандығы бойынша 2017 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтілген пәндік олимпиададан 1 орынға ие болды. Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Ұлы тұлғалар» атты республикалық интеллектуалды олимпиадада «Жерұйық» тобы 3 орын алды.


Кафедра халықаралық байланыс шеңберінде Германия, Шотландия, Нидерландия, Түркия, РФ, Қырғыз Республикасы ғалымдарымен тығыз байланыста. Кафедраның оқытушылары жақын шетелдерде шақыру бойынша магистранттарға лекциялар оқиды (Алтай Республикасы, Барнаул т.ғ.к., профессор Жұмағұлов Б.С.), халықаралық конференциялар мен симпозумдарға қатысады (т.ғ.д., профессор Тулекова М.К., т.ғ.д.,профессор Несипбаева К.Р., т.ғ.д. Махаева А.Ш., т.ғ.к.,профессор Жұмағұлов Б.С.), халықаралық және республикалық журналдардың редколлегия мүшелері (т.ғ.д.,профессор Несипбаева К.Р., т.ғ.к.,профессор Жұмағұлов Б.С.). Кафедра оқытушылары Ақтөбе, Алматы қалаларындағы ЖОО көп жылдар бойы мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы(төрайымы) болып келеді (т.ғ.д., профессор Сүттева Х.А. , т.ғ.д., профессор Тулекова М.К., т.ғ.к. профессор Жұмағұлов Б.С.).


Кафедра оқытушылары қала мен облыстағы мұғалімдердің білімін көтеру институтында лекциялар оқиды және кафедра оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының авторлары (т.ғ.к., профессор Тимченко С.В., т.ғ.к., доцент Қалиева Е.Т.). Республика бойынша әртүрлі пәндік олимпиадаларға Алматы қаласы және Алматы облысы, Қарағанды, Қызылорда, Тараз т.б. қалаларда (т.ғ.д.,профессор Тулекова М.К., т.ғ.д.,профессор Сүтеева Х.А., т.ғ.к., доцент Калиева Е.Т., т.ғ.к.,аға оқытушы Мұратқазин М.М.).


Кафедра оқытушы - профессорлар құрамы әртүрлі әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Университеттің мерейлі 90 жылдығы мен кафедраның 80 жылдық торқалы тойына арналған «Менің ғылыми баспалдағым», «Ғылым Ордасы-қарт ҚазПИ», «Біздің түлектер», «Ғалымдардың жүріп өткен іздері», «Қызықты тарих» атты іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Студенттер, магистранттар және докторанттар кафедраның, институттың және университеттің қоғамдық іс-шараларына белсене араласады. Елбасының Халыққа Жолдауын талқылау мен оны жүзеге асыруда өздерінің білімі мен ғылыми зерттеулері арқылы үлес қосуды бірінші орынға қояды. Еліміздің ертеңі білімді жастар қолында екені белгілі, осы бағытта кафедра ұжымы жоғары білімді мамандар даярлауға өз үлесін қосуда.

 

 

1858
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler