қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2019

«ХХІ ғасырдағы болашақ және рухани даму - технологиялық даму концепциясы» ғылыми жобалары бойынша дәрістер

 

2019 жылдың 1 сәуірінде Философия және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының атсалысуымен экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Оразалы Сәбденнің қазіргі заман өркениетіндегі жаңа білімнің ғылыми жобалары бойынша «ХХІ ғасырдағы болашақ және рухани даму - технологиялық даму концепциясы» тақырыбында дәрістер курсының ашылу салтанаты өтті.

 

Аталмыш шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев ашты. Дәріс барысында академик Оразалы Сабден ұсынылып отырған жобаның мәні мен мазмұнына қысқаша тоқталып өтті. Қазіргі қоғамның ілгері дамуына қажетті факторлар ретінде тың идеялар мен алдыңғы жобалардың маңыздылығына баса назар аударды. Бұл идеяның бастауы ретінде ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясын ұсына отырып «әлемдік өркениетті үй» тұғырнамасын алға тартты. Ол үйдің базалық элементі адам екендігін ұмытпауымыз қажеттігін жете түсіндіре отырып, алдыңғы уақытта талқыланатын тақырыптарды ашық қарастыратындығы жөнінде тоқталып, ашық дәріс сабақтарының тақырыптарын аудиторияға таныстырды:

- Мемлекеттік 5-тік спиральмен басқарудың жаңа парадигмасы: мемлекет, бизнес, ғылым, қоғам, информатизация;

- Ғылым мен білімге жаңа серпіліс беру арқылы - Қазақстанның халықаралық деңгейде бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;

- Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпті үдемелі дамыту.

-Әлем валютасының реттеушісі ретінде валютаның бірыңғай өлшемін анықтау әдісі (әлемдік жоба);

- ХХІ ғасырдағы өркениеттің даму өзегі - руханиятты және жаңа технологияларды синтездеу (әлемдік жоба). Ұлы Жібек жолында «Түркістан өңірі» жаңа рухани-технологиялық кластерін құру Қазақстан қоғамын ізгілендіру жолы;

- ХХІ ғасырдағы Түркі өркениетіне рухани серпіліс беру идеясы (әлемдік жоба);

- Абай және қазақ елінің болашағы

- Рухани кемелденуге ұлы Абайдың толық адам ілімінің септігі

- Әлемдік бірыңғай өркениет жүйесін қалыптастыру. Эволюция және әлемдік өркениет (әлемдік жоба).

 

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу