қазақша · русский · english
 
 
 
 Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы
Кафедра меңгерушісі
Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-404-07-09

 

Тарих және құқық интститутына қарасты Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасы 2009 жылдың қыркүйек айында құрылған. 2018 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейінгі аралықта кафедраны меңгерушісі болып елімізге белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлы басқарды.


2018 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы.


Қазіргі таңда кафедрада 7 ғылым докторлары, профессорлар, 5 ғылым кандидаттары, доценттер, 2 ғылым магистрі оқытушылық қызметін атқарады. Жалпы кафедра құрамы - 14 адам. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына 22 докторант, 24 магистрант қатысады. Атап айтар болсақ, елімізге белгілі профессорлар Әбсаттаров Р.Б., Қабаева Ж.А., Құсайынов Д.Ө. және т.б.


Еліміздің ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, тарихи және мәдени құндылықтардың ордасы, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - терең ғылыми-педагогикалық бағытты қатаң ұстана келе, Саясаттану, Философия, Әлеуметтану, Дінтану, Мәдениеттану салалары бойынша республика деңгейіндегі авторлар қызмет ететін іргелі ұжымдардың бірі.


Профессор Әбсаттаров Раушанбек Боранбайұлының редакторлығымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылыми басылымы Вестник/Хабаршы журналының «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы шығып келеді.
Докторанттар мен магистранттар алдында дәріс оқу үшін жетекші ғалымдарды шақыру, ғылыми-практикалық әріптестік туралы келісім-шарт шеңберіндегі іс-шаралар, сонымен қатар, басқа да бірлесе өткізілген жұмыстар кафедраның халықаралық қызметін сипаттайды.


Кафедраның бұл саладағы алғашқы қадамдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасы мен Француз мемлекеттік Лион-2 университетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы арасындағы жасалған келісім-шарттар, сондай-ақ Стамбул университетімен,Мармара университетімен (Түркия Республикасы), Халықтар достығы университетімен (Ресей Федерациясы), Лондон университеті (Ұлыбритания), Оңтүстік Корея университеттерімен (Сеул қ.) және Чоннам ұлттық университетімен (Кванджу қ.), Печ университеттерімен (Венгрия) және Киев пен Беларусь мемлекеттік университеттері және т.б. университеттермен жасалған келісімшарттар шет елдердің білім нарығына шығуға мүмкіндік беруде.


2012 жылдан бастап тағлымдамадан өтуші магистранттармен өзара алмасу бойынша шетелдік әріптестермен бірлескен білім береу бағдарламалары тәжірибе режимінде жүзеге асуда. Сонымен қатар Оңтүстік Корея Кванджу қаласы Чоннам ұлттық университетімен әлемдік диаспоралар аясында жүргізілетін ғылыми байланыстар өзара қызығушылық тудыруда.


Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстанның білім беру тәжірибесі мен ғылымына шет ел тараптары үлкен қызығушылық танытуда.

 

887
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler