қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2018

Тұңғыш Президент күніне орай

 

2018 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратында елеулі мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Онда мемлекет басшысының қуатты мемлекет құрудағы еңбегі, қазіргі заман көрінісінің рөлі туралы мәселелер қарастырылды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰ ҰҒА корр.-мүшесі Раушанбек Абсаттаров, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков, кафедра профессоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Дауренбек Құсайынов, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының өкілдері, екінші курс магистранттары Олжас Карибаев пен Бахтияр Тохтахунов және студенттер қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» модераторлары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін бүкіл ел үшін тұтастай қазақстандық қоғамды біріктіретін фактор ретінде енгізудің маңыздылығын атап көрсетті.

 

Республиканың саяси тұрақтылығын тиімді экономикалық реформаларды халықаралық аренаға шығара отырып, еліміздің азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етудегі барлық жетістіктерін Тұңғыш Президенті, Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатының көрегендігін дәлелдейді.

 

Қазақстандағы қазіргі маңызды бастамалардың бәрі де Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді бастамаларының арқасында жүзеге аса отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы табысты елдердің қатарында орын алуы мақсатында жүзеге асып жатқандығын «дөңгелек үстелге» қатысушылар атап көрсетті.

 

   

 

  




Кері оралу