қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2024

Өркениет ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби орталығына саяхат


2024 жылдың 17 сәуірінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Тарих және Құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Орынбеков Нұрланның ұйымдастыруымен жастардың музейлерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жасалған танымдық, тәрбиелік іс-шара өтті. Оған арнайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің маманы келіп студенттерге "Дәстүрлі ислам (Қ.Р. Мемлекеттік орталық музейі қоры материалдары негізінде)" атты тақырыбында дәріс оқып, презентация көрсетті. Дәріс барысында студенттер музей қорында сақталған діни қолжазбалар мен басылымдар туралы мәліметтер алды. Бұл іс-шараға Тарих және Құқық институты директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан қатысты.

 

  alt=  

 




Кері оралу