қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2024

«Әділетті қоғаммен жарқын болашаққа» Республикалық дөңгелек үстелі

 

2024 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылым декадасы - 2024» апталығына орай «Әділетті қоғаммен жарқын болашаққа» Республикалық дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелді Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков алғысөзбен ашты. Сондай-ақ, Институт директорының ғылым мәселелері бойынша орынбасары Мұхтар Мұратқазин баяндама жасады. Дөңгелек үстелге Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Әсел Назарбекова қатысып, қоғамдағы сананың өзгеруі мәселелеріне терең тоқталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, PhD Әділбек Ермекбайұлы баяндама жасап, елімізде болып жатқан саяси процесстер мен аналитикалық есептерімен бөлісті.

 

Іс-шараға институт студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу