қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2024

Мұражай - ұлттық құндылықтар орталығы

 

2024 жылдың 19 ақпанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 2 курс «8D03102-Мәдениеттану» мамандығының докторанттары Н.Манапбаев, О. Бурибеков, Б. Сайнанов  «6В01707- Ұйғыр тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі» мамандығының 2 курс студенттеріне  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайына рухани-мәдени саяхат ұйымдастырды.

 

Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайының Палеонтология және археология залы, Тарихи этнография залы, Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті залы, «Тәуелсіз Қазақстан» залында орналасқан рухани-материалдық құндылықтармен танысып, шарадан ұмытылмас әсер алды.

 

Шараның негізгі мақсаты қаншама - ғасыр қойнауынан бізге жеткен жәдігерлерді, адамзат жасаған ерекше өнер туындыларын таныстырып, ұлттық мәдениетіміздің ерекшеліктерін көрсету.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу