қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2023

Халықаралық Кипр университетіндегі ғылыми тағылымдама

 

2023 жылдың 26 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ. Симтиков Кипр Халықаралық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Осы университеттің ректоры, профессор Халил Надиримен кездесіп, Абай университетінің ректоры Болат Тілептің ыстық ықыласын жеткізді.

 

Кездесу барысында болашақта өзара байланыстар туралы университетаралық Меморандумның шарттарымен таныстырылды.

 

Тағылымдама барысында ол шетелдік жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, «Қазақстан Республикасындағы саяси ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінде қазақстандық ғалым «Орталық Азиядағы геосаяси жағдай» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу