қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2023

Қазақстандағы мәдениеттану мектебі: қалыптасуы және қазіргі жағдайы

 

2023 жылдың 5 желтоқсанында Абай университеті Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы мәдениеттану мектебі: қалыптасуы және қазіргі жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ғабитов Тұрсын шақырылды. Дөңгелек үстел тақырып бойынша ауқымды мәселелерді қамти алды. «Философия», «Мәдениеттану» мамандығында білім алушы студенттер үшін құнды деректер базасы болды десек те болады. Студенттер спикерге көптеген сұрақтар қойып, кері байланыс орнатып отырды. Мәдениеттану саласының майталманымен кездесу ұйымдастырған оқытушылар доцент Жаңыл Мадалиева мен Еркебұлан Ержановқа алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу