қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2023

Рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған жаңа кітаптардың тұсаукесері

 

2023 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Дінтану және философия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараны саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Нұрлан Орынбеков пен Уәлихан Жандос жүргізді. Бұл іс-шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқу мәдениетін насихаттау және қалыптастыру, оқырмандармен, әсіресе, жастармен, барлық үлгідегі әдебиеттермен, соның ішінде ғылыми және ғылыми-көпшілікпен байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Соңғы жанр жаңа білімге және өзін-өзі дамытуға қызығушылықты оятады.

 

Студенттер пайдалы ақпараттарды тыңдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай жұмыстардың жалғасын табуына тілек білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу