қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2023

Қазақстан және Иран мәдени серіктестігі


2023 жылдың 17 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтында Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығының Атташесі Хоссейн Ағазадемен кездесу өтті. Іс-шараға Институт директоры Г.К. Кенжебаев, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары М.М.Мұратқазин, директордың тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов және Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.А.Орынбеков қатысты. Кездесуде бірлескен ғылыми жобаларды, іс-шараларды жүзеге асыру, ғылымды дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар бөлісілді.


Өз кезегінде Хоссейн Ағазаде университет ғалымдарына ризашылығын білдіріп, Абай университетімен ынтымақтастық орнатуға қуанышты екендігін жеткізді. Алға қойған мақсаттар мен бастамалардың нәтижелі болуы үшін ғылыми алаңдарды құруға көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаңа басым әдістермен бөлісті. Кездесу барысында «Мәдениеттану», «Дінтану» мамандықтары бойынша студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы және жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі саласындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері қаралды. Екі жақтың белгілі ғалымдарының қатысуымен халықаралық форумдар, конференциялар мен вебинарлар ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу