қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2023

Ұстаздар күніне арналған «Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі» тәрбиелік іс-шарасы


2023 жылдың 4 қазанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай тәлімдік-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Кафедра студенттері институттың профессор-оқытушылар құрамын айтулы мерекесімен құттықтап, концерттік қойылымдар көрсетті. Ұстаздық қызметтің қыр-сыры мен ғылым жолындағы ізденістердің маңыздылығы жөніндегі мәселелер де қарастырылды. Институт және кафедра ұстаздары студенттерге ризашылығын білдіріп, авторлық еңбектерінен сыйлықтар ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу