қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

«Халықтың ұлы хас батыры Амангелді» әдеби-сазды кеші

 

2023 жылғы 11 сәуірде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ұлдана Арипжанова «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге Ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай Орталық музейде ұйымдастырылған «Халықтың ұлы хас батыры Амангелді» әдеби-сазды кешіне қатысты.


Кеш барысында батырдың өмірі, жасаған ерліктері дәріптеліп, сондай-ақ А.Имановтың ұрпақтарымен кездесу болды. Кеш барысында керемет ән-күйлер орындалып, ұйымдастырылған көрме тамашаланды. Осы сынды шаралар болашақ мәдениеттанушылардың кәсіби біліктілігін, мәдени дүниетанымын арттыруға зор үлес қосары сөзсіз. Студенттер шара соңында өзара пікір алмасып, жағымды әсер алып қайтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу