қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2023

Студенттік ғылыми пікірталас


2023 жылғы 5 сәуірде Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары А.А. Қуанышева, А.Н. Бухаев, С.А. Омаров «Ғылым декадасы-2023» аясында «Қазіргі әлемдегі саяси үдерістер және жаһандану» тақырыбында ғылыми және студенттік пікірталас өткізді.

 

Пікірсайысқа «Филология», «Психология» мамандықтарының 2 курс студенттері белсене қатысты. Іс-шара барысында жаһандану жағдайындағы саяси процестердің дамуының заманауи тенденциялары мәселелері қарастырылды. Қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінде болып жатқан ауқымды экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени процестердің күрделі, қайшылықты және түсініксіз сипатын көрсететін көптеген факторларды атап өтті.

 

Іс-шара студенттердің салыстырмалы тарихи, мінез-құлық, саясаттанулық талдау және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу