қазақша · русский · english
 
 
 
23.01.2023

Спартакиада - 2023


2023 жылдың 19-23 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері мен оқытушылар құрамы арасында спартакиада өтті. Спартакиада мақсаты - университет оқытушылары мен қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту.

 

«Спартак» стадионында жалау көтерген бұл жарыста командалар 4 спорт түрлерінен: волейбол, арқан тартудан, шахматтан, үстел теннисінен бақ сынасты.

 

Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы спорттың әр түрінен жарысқа белсене қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Тарих және құқық институтының құрамасы институттар арасында ІІ-ші орынды иеленді.


Жеңімпаздарға ректор атынан арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу