қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2022

«Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» стипендиаттарының жетістіктері


2022 жылдың 17-18 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Ержанов Еркебұлан мен Құрманбек Ақайдар «Болашақ» бағдарласының «500 ғалым» жобасы бойынша атқарған жетістіктерімен бөлісті. Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Халықаралық Түрксой ұйымы және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас елшілігімен біріге Хажетеппе университетінің профессорлары, ғылым докторлары Өзқұл Чобанұғлы және Сачиде Чобанұғлы, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тұрсын Хафизұлы Ғабитовпен бірге орындаған еңбектерін ұсынды. Түрік-оғыз мәдениеті бойынша толықтырылған «Қазақ және оғыз этикасы: фольклорлық метаэтикалық негіздеме» кітабының тұсаукесерін ашты.


Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас елшісі Еркебұлан Сәпиев, Түрксой ұйымының бөлім басшысы Санжар Мүлазимұғлы, Хажетеппе университетінің профессоры Өзкүл Чобанұғлы, Анкара университетінің профессоры Әли Рафет Өзкан қатысты. Түркия Елшілігі атынан «Алғыс тақтасымен» марапатталды. Кітап толық түрік тіліне аударылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу