қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2022

Философия ғылымдарының докторы PhD ғылыми дәрежесі берілді


Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұжымы аға оқытушы Бердалина Әсем Сәбитқызын «6D020100 - Философия» мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесінің берілуімен құттықтайды. Бұл ғалымның дарындылығын, мақсаттылығын, біліктілігін мойындау. Ғылыми-зерттеу жұмысына деген ұмтылыс және жаңалық ашу кәсіби қызметте табысқа жетуге мүмкіндік берді.

 

Ғылыми қызметте табыс, сарқылмас қуат, жасампаз идеялар, ұлттық ғылым мен білімге қызмет ету жолында жасампаздық қуаныш тілейміз. Сізге зор денсаулық, амандық, жаңа идеялар мен жоспарлардың жүзеге асуын, жемісті еңбек пен барлық істе жеңістер тілейміз!

 

  alt=  




Кері оралу