қазақша · русский · english
 
 
 
07.09.2021

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының

1-ші курс студенттерімен кездесуі

 

2021 жылғы 7 қыркүйекте Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен онлайн-кездесу Zoom платформасында өтті. Студенттермен кездесуді эдвайзер оқытушы Айгерім Сарыбаева жүргізді. Алғашқы сөз кезегін кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков алды.

 

Кездесу барысында студенттер өздерінің ойындағы сұрақтарын қойып, жоғарғы курс студенттерінің студенттік өмірінен алынған видеороликтерін тамашалады. Сонымен қатар жоғарғы курс студенттері мен кафедра оқытушылары 1-ші курс студенттеріне өздерінің ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 




Кері оралу