қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2021

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірлескен вебинар

 

2021 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенттері мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1 курс студенттері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірлескен вебинар-кездесу өткізді. Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушысы Г.М. Конаева және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және тарих институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.С.Бердалина ұйымдастырды.

 

Кездесу өте қызықты өтті, студенттер бір-бірімен танысып, мерекеге деген ой-пікірлерімен бөлісті. 1 мамыр мерекесінің атап өтілу дәстүрлері туралы қызықты материалдар дайындады. Сондай-ақ, студенттер өздерінің патриоттық идеялары мен туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Кездесу дәстүрлі күйлер мен әндерді орындаған студенттердің музыкалық нөмірлерімен ажарлана түсті. Оқытушы Г.М.Конаева тарихта мерекенің пайда болуы жайында қызықты фактілерді айтып берді. Кездесу есте қаларлық болды және студенттер кездесуді жалғастыруға ниет білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу